https://t.me/prokadrykz/36569-Антикоррупционной службой РК по подозрению в совершении тяжкого коррупционного преступления был задержан руководитель отдела аудита НДС управления по администрированию косвенных налогов ДГД по г. Астана
Міне, шенеуніктерше "бизнесті қолдау" деген
осы: пара бермесең ҚҚС та қайтарылмайды, өзге жеңілдік де болмайды.
Экспортқа бейімделген өндірісін көрші Өзбекстанға көшіру
туралы шешім қабылдаған "Маревен" (Қонаев қ.) компаниясының жапондық
инвесторына 7 млрд тг ҚҚС қайтару бойынша берешек те осындай жолмен
қалыптаспады ма екен (https://t.me/peruash/10689)?
Мемлекет заң бойынша берешекті қайтарып беруі үшін
алдымен "тиісті адамға" тиісті үлесін беру керектігін жапондар
білмеген болу керек.
Осы мәселе бойынша биыл 17 қаңтарындағы "Ақ
жол" фракциясының депутаттық сауалынан кейін Қаржы министрлігі істің
мән-жайын анықтап, өз міндеттемесін орындайтынын айтқан еді
(https://t.me/peruash/11001).
Дегенмен, мұндай сәйкестік де тегін емес.
Әрине, Антикорға респект.