17
Қантар

Азат Перуашев: Мәжілістің жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясының кәсіпкерлерді лауазымдық функциялар бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ деп санауға тыйым салатын түзетуді қабылдады

https://t.me/peruash/12576

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік органдардың қарсылығына қарамастан аталған жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясының кәсіпкерлерді тек кәсіпорын ұжымындағы лауазымдық функцияларды бөлу негізінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға жатқызуға тыйым салатын түзетуін қабылдады.

Өкінішке қарай, кәсіпкерлер мен заңгерлік қауымның «Ақ жол» демпартиясына жолдаған үндеулеріне қарағанда, құқық қорғау органдары бұл мүмкіндікті кейде өз мүддесіне пайдаланады. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптау - бұл кәсіпкерді бірден қамауға алуға мүмкіндік беретін ауыр қылмыс, содан кейін ол кәсіпкер айлар, кейде жылдар бойы қысымға ұшырап, тергеу кезінде өзіне «танып» берген кез келген қылмысты мойындайды.

Шындығында, жан-жақты дәлелдемелік базаны кәсіби түрде жинау – күш көрсету әрекеттерімен және заңсыз қысыммен алмасып, бұл кейде бопсалаумен не бизнесті рейдерлік басып алумен қатар жүреді (https://t.me/peruash/9584 ).

«Ақ жол» фракциясы бұл мәселені жылдар бойы депутаттық сауалдар мен заңдарға ұсыныстарда бірнеше рет көтерді (мысалы:

https://t.me/peruash/9785 ;

https://t.me/peruash/9782 ;

https://t.me/peruash/11030 ;

https://t.me/peruash/11280 ; және т.б.).

Біз ұйымдасқан қылмыстық топтың белгілерінен ресми түрде жұмыс істейтін ұжымдағы лауазымдық өкілеттіктердің бөлінуін алып тастауды, сол арқылы құқық қорғау органдарын ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екенін басқа сенімді дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелдеуге міндеттеуді ұсындық. Мәселен, мұндай ереже Ресейде 2020 жылдан бері бар.

Кәсіпкерлердің заңды құқығын қорғаудағы «Ақ жол» фракциясының бұл бастамасын талқылау да бір жылдан астам уақытқа созылды және үнемі мемлекеттік органдар тарапынан қолдаудан бас тартуға дейін құбылып отырды.

Жұмыс тобының бүгінгі шешімін тиісті комитет, Мәжілістің пленарлық отырысы, Сенат және Президент қолдайды деп сенемін.

Жұмыс тобы жетекшілері мен мүшелеріне алғыс білдіремін, белгілі адвокат Игорь Вранчевке бірбеткей ұстанымы үшін ерекше респект.