20
Тамыз

Азат Перуашев Орал қаласының әкімімен кәсіпорындар мәселесін талқылады

https://t.me/peruash/9631

https://t.me/peruash/9632

https://t.me/peruash/9633

БҚО-ға сапарымызды қорытындылай келе, өздеріне тиесілі жер телімдері тұрғын үй құрылысына берілгнесін жабылу қаупіне ұшыраған бірқатар кәсіпорынның Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановпен кездесуін өткіздік. Кездесу облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтті. 

Пікірталас ауаны әуел бастан шиеленісті болды: «ПСП Серик», «Кублей», «Алтын алма», «СтройТех», «Орал-Вент» компанияларының басшылары бизнестің тоқтап қалуына алып келетін әкімдік қызметіне өз наразылықтарын білдірді  (нақтырақ – әрекетсіздігіне).  

Мәселен, Нұрлан Нұрбаев («СтройТех») кәсіпорынға тиесілі теміржол желісінен 15 метр қашықтықта тұрғын үй салуға тыйым салу туралы Индустрия министрлігі Құрылыс комитетінің шешімін қала басшылығы неге орындамай отырғанын түсіндіруді талап етті. Құрылыс салушының 9 қабатты үйлерді салуға тиісті құрылыс құжаттары, тіпті лицензиясы да жоқ. Ал, ГАСК тікелей тыйым салудың орнына қайта-қайта «кемшіліктерді жоюға» уақыт беруде.

Әкім құрылыс заңсыз болса да оны тоқтатуға құқығы жоқтығына сілтеме жасады. Бұл үшін КДС бұйрығы емес, ол «бірден орындайтын» сот шешімі қажет. Бірақ сотқа әкімдік емес, басқа біреу жүгінуі керек.

Қалай десек те, қалаға тұрғын үйлер керек, «және біз оларды саламыз». Сонда қалаға кәсіпорындар, жұмыс орындары, салықтар керек емес пе?

«Алтын Алма» ЖШС директоры Александр Елькин кәсібінің жабылып, 150 қызметкердің жұмыссыз қалғанын айтты. Ол заңнаманың санитарлық-қорғау аймағының санатын қайта қарауға және оны қазіргі 500 м-ден (оның кәсіпорны үшін) 200-100 м-ге дейін қысқартуға мүмкіндік беретініне сілтеме жасады, себебі, қазіргі аймақ бұрын енгізілген, содан бері компания эмиссиялар мен басқа да қоршаған ортаға әсерді азайтқан. Кәсіпкер қажетті өлшемдерді жасап, жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін рұқсат етілген аумақты тұрғын үйлерге дейін қысқартуды сұрады. М.Сатқановтың жауабы тағы да таң қалдырды: иә, өлшемдер алуға болады, бірақ ол 3 жыл бойы бақыланып, расталуы керек. Ал, оған дейін сіздер жабылу керексіздер. Алдымен басқа санатты алыңыздар (ол үшін үш жыл АЭА бақылауында жұмыс істеу керек), содан кейін жұмыс істеуге рұқсат береміз (?).

Осы жерде менің де шыдамым таусылып, бассейнде судың жоқтығына шағымданған оқушыларға жауап берген жүзу бойынша бапкер туралы анекдотты еске салдым: алдымен жүзіп үйреніңдер, сосын бассейнге суды толтырамыз. 

 

Гүлфия Қалиева («Кублей») зауыттың санитарлық аймағын бұза отырып салынып жатқан тұрғын үй кешенінің  өндірістік аймақта да орналасқанына әкімдік неліктен назар аудармай отырғанын анықтауға тырысты? Неліктен құрылыс салушы үлескерлерден қаражат тарту рұқсатынсыз әлі салынбаған пәтерлерді сатады? Бұл жерде керемет диалог өрбіді.

Әкімнің жауабы: Бұл жердің өндірістік аймақ екенін нақтылайтын ешқандай құжаттар жоқ.

«Кублей»: олай емес. Қаланың бас жоспары бар, онда өндірістік аймақ деп көрсетілген.

Әкім: бас жоспарда өндірістік аймақ ғана емес, тұрғын үйлер де бар. 

«Кублей»: ия, бірақ, бас жоспар бойынша олар өндірістік аймақта емес, өзге жерде орналасқан. 


Ары қарай. Әкім: «Әкімдік әр мекемеге санитарлық аймақты бекітіп бере алмайды».

«Кублей»: Аймақты бізге бекітіп берген, бірақ, құрылыс салушы оны бұзған кезде, біздің әкімдікке үнемі өтініш жасағанымызға қарамастан, сіздер оны тоқтатпадыңыздар. Сырттан бақылап ғана отырсыздар. 

Әкім: «Мен сіздерге бейбіт келісім ұсынғанмын. Құрылыс салушы екі үйін салып, тоқтар еді. Ал, мен ол үйлерді мемлекет қажеттілігі ретінде сатып алуға көмектесер едім. Өздеріңіз келіспедіңіздер». 

- Түсініп отырсыздар, иә? Әкім заңсыз құрылысты тоқтатудың орнына, оны «мемлекет қажеттілігі үшін» сатып алуды ұсынып отыр, яғни, санитарлық норманы бұзушыға тұрғындар арқылы болмаса да, бюджет есебінен ақша табуға мүмкіндік беру. Демек, кәсіпорынның заңды құқығын қорғау емес, заңбұзушы құрылыс салушының табысын қамтамасыз ету басты мәселе болып тұр?

 

Артынша, М. Сатқанов «Мен әкім болып тұрғанда «Кублей» жабылмайды» деп қосты. Бұл ұстаным қуантады, нақты іс-әрекетке барғысы келмей отырып, Жоғары сот шешімінің күшін қалай жоя алады екен?

Онымен қатар, Миржан Мұнайдарұлы көтеріліп отырған шиеленісті мәселелер оған дейін пайда болғанына назар аударды. Жалпы, тұрғын үйлердің кәсіпорындар айналасындағы санитарлық аймаққа не т/ж жоллары маңында салынуы тарихи тұрғыда қалыптасқан, себебі, темір жолдар қаланың бүкіл аумағы арқылы өтеді. Ал, саннаймақты бұзуға болмайды деген ұстанымды басымдыққа алса, онда көптеген тұрғын үйді сүріп тастау керек, оған, әрине, ешкім жол бермейді, не ондаған бизнес нысанын қала сыртына көшіру қажет, бұл да бір ретте шешілетін шаруа емес. Ал, егер бір прецедентке мүмкіндік берсе, бұл қала бойынша тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан шағымдар жаудыруына алып келуі мүмкін.

 

Екі сағатқа созылған пікірталасты қорытындылай келе, кәсіпкерлерге келуден екі күн бұрын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевпен кездесіп, осы мәселе бойынша «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын талқылағанымды жеткіздім. Ж.Өмірәлиев Бас прокуратура адал бизнес пен инвесторларды қорғайтынын айтып сендірді, сондықтан біз көтерілген бірқатар істер бойынша қосымша сауалдар дайындаймыз.

Өз сауалымызда мәселенің үш шешімін ұсынғанымызды еске салдым:

1) Кәсіпорындарды жайына қалдыру және санитарлық аймақтарды бұзумен шығарылған тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдердің күшін жою;

2) Өндірістік нысандарды көшіру туралы шешімдер қабылданған жағдайда – бизнесті жаңа жерде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жол, электр энергиясы, теміржол жолдары, су, кәріз), оған қоса – кәсіпорындардың көшу шығындарын бюджеттен субсидиялау;

3) Санитарлық аймақтарды бұзып, тұрғын үй құрылысына рұқсат берген лауазымды тұлғаларды анықтап, оларды кәсіпорындардың шығындарын өтеуге міндеттеу (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-bizneske-zasz-zalal-keltrgen-sheneunkterd-materiald-zhauapkershlgn-engzud-talap-ett).

 

Өкінішке орай, үкімет кәсіпорындарды көшіру шығындарын субсидиялаудан бас тартты, бұл кейбір кәсіпорындар шығынға ұшырайды деген сөз. Бірақ біз бұл талқылауды да жалғастырамыз.

 

Жоғарғы Сот төрағасының наразылығы бойынша (кәсіпорынның санитарлық аймағына тұрғын үй құрылысын салудың заңсыздығы туралы) алғашқы шешімдердің қайта қаралуына байланысты «Кублей» зауытының жағдайы әлдеқайда қиын болып отыр. Әкім М.Сатқановтың зауытты сақтап қалу туралы мәлімдемесіне қарамастан, Жоғарғы соттың сол шешіміне Бас прокурордан наразылық енгізуді сұраудан басқа «Кублейді» құтқарудың басқа амалын көріп тұрған жоқпын. Біз Берік Асыловқа осындай сауал дайындауға бірден кірісеміз және осы мәселе бойынша жеке қабылдауында болуға тырысамыз. Әзірге көңіл көншітерлік болжам жоқ.

 

Қала әкімінің зардап шеккен кәсіпкерлердің арыз-шағымдарына жалтарып берген жауаптарына келсек, құрметті Миржан Мұнайдарұлының «бақылаушы» емес, атқарушы билікті басқарып отырғанына назарын аудардым. Сондықтан қоғам (соның ішінде бизнес қауымдастығы) одан көтерілген мәселелер бойынша нақтырақ ұстаным күтуге құқылы. Ал егер әкім өз іс-әрекетінде қателік жасаудан қорқатын болса, онда заңнамада «дұрыс емес әрекеттер» ғана емес, сонымен қатар «қызметтегі әрекетсіздік» деген ұғым бар. Оның қызметі шешімдер қабылдау және дәйекті экономикалық саясат жүргізу үшін жауапкершілікті алуға дайындығын білдіреді.

Тарихи қабаттасуға қатысты «тізбекті реакция» қаупіне қатысты ескі қателер жаңа қателерді еш ақтай алмайды деген пікірімді білдірдім. Ең болмағанда қызметте тұрған кезде мұндай жағдайлардың туындауына жол бермеу керек, өйткені, «кейінге шегерілген» қайшылықтар әлеуметтік шиеленісті туындатып, «Кублей» жағдайындағыдай ақылға қонымсыз шешімдерге әкеледі.  Әкiмнiң өзiнiң бүгiнгi даулардың пайда болуына қатысы жоқтығы туралы айтқандары да сенiмдi емес. Оған кәсіпкерлер жеке тұлға ретінде емес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын қала басшысы ретінде жүгінеді.

Бұл саясаттың іргелі факторы – сабақтастық, мемлекеттік орган «бұл мен емес» деп алдыңғылардың әрекетінен туындаған мәселелерден арыла алмайды. Ол қай кезде пайда болғанына қарамастан өз жерлестерінің алдында тұрған барлық мәселелердің  шешімін іздеуге міндетті.

 

Айта кету керек, кейінірек жеке әңгімеде М. Сатқанов «Кублейді» қорғауға қатысты өз ұстанымын растады.

 

Орал сапарында көтерілген мәселелер бойынша құжаттарды дайындап жатырмыз. Таңертең Қостанайға ұшамын.