12
Сәуір

Азат Перуашев Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен қауымдастығының өкілдерімен кездесті

https://t.me/peruash/1603

Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен қауымдастығының өкілдерімен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, отандық кәсіпорындардың рөлі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқыладық. Орын алған халықаралық оқиғаларды саралайтын болсақ, соның ішінде біздің кейбір көршілеріміз үшін қорғаныс қабілеті мен республиканың аумақтық тұтастығын қорғау, сондай-ақ заманауи қару-жарақ құралдарын дамыту тақырыбы аса маңызды болып отыр.
Біздің Қарулы күштеріміз бен қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары осы сынға дайын ба және дайындықты арттыру үшін не істеу керек деген мәселе туындайды.
Қорғаныс министрлігі өкілі олардың бөлімі шетелдік техникаға әдейі бағытталғанын атап өтті, алайда бұл позицияны қолдамайтынымызды айтуға тура келді. Әрине, Қазақстан қару-жарақ өндірісінде көшбасшы емес екені анық. Бірақ егер негізгі тұтынушы әлеуетті серіктестерді байқамаса, міндеттер қоймаса, жоспарлар туралы хабарламаса, оны қалай дамыта аламыз?
Отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін ескере отырып, осындай тәсілдерді түзетуді талап ететін боламыз.
Индустрия министрлігінің жақында «Ақ жол» фракциясының осы тақырыптағы депутаттық сауалына берген жауабының түсініксіз тұстары көп. Атап айтқанда, егер мемлекеттік қорғаныс тапсырысының Баға белгілеу ережелері осы келісімшарттар жасалғаннан кейін бекітілген болса, мемлекеттік органдар кәсіпорындардан 2,5 млрд теңге көлемінде "негізсіз пайданы" неге сүйене отырып өндіруді талап етеді?
Кәсіпорындарды қорғау үшін ҚР Бас прокурорының атына тиісті сауал дайындауды тапсырдым.
Алайда, депутаттық сауалдардың кейбірі ескеріліп жатқан сияқты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі Ережелерге тиісті өзгерістер дайындалып жатыр деп сендірді.
Бірақ қорғаныс кәсіпорындарының өздері бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жұмыс істеуі керек, оның ең жақсы дәлелі сыртқы нарықтарға шығу болар еді. Біз осы және басқа да мәселелер бойынша жұмыс істеуге келістік.