«Ақ жол» демпартиясының Мәжіліс депутаты, партия төрағасының орынбасары
Ерлан Барлыбаев және партиямыздың Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас
Нұралдиновпен бірге партияның Алматы қаласындағы кеңсесінде шағын және орта
бизнес, бөлшек сауда және тұрмыстық дүкендер саласындағы жергілікті
кәсіпкерлерден құралған бастамашыл топты қабылдадық.
Олардың мәселелерін апта басында Астанадан бейнеконференция арқылы
талқылаған болатынбыз. Кешегі отырыста талқыланып жатқан салық реформасы
аясында бұл мәселелерге қайта оралдық.
Өздеріңізге белгілі, осы жұмада мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен
кездесуінде ҚҚС-тың шамадан тыс өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеп, сараланған
салалық мөлшерлемелеріне көшуді тапсырған болатын.
Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» партиясы ҚҚС бойынша сараланған
мөлшерлемелерді енгізу туралы талапты 2011 жылдан бері депутаттық сауал түрінде
бірнеше рет жолдағанымен, ол әлі күнге дейін қолдау таппай келген еді. Енді бұл
бағытта практикалық шешімдер қабылданатын сияқты.
Дегенмен, бұл ретте бұрын жарияланған ҚҚС шегін
15 миллион теңгеге дейін төмендету шағын және орта бизнеске зиянын тигізбеуі
керек деп есептейміз. Атап айтқанда, бұл өзгеріс бөлшек сауда салығын
алмастырмауы керек.
«Ақ жол» демпартиясы бөлшек сауда салығын сақтауды, оның үстіне оны 4
пайыздан 2 пайызға дейін заңнамалық тұрғыда төмендетуді жақтайды, бұған
мемлекеттік органдар мен кейбір әріптестеріміз табанды түрде қарсылық көрсетіп
отыр.
Осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша жұмыс жалғасуда және біз бөлшек сауда
салығын сақтауды ғана емес, сонымен қатар осы салықты қолданатын қызмет
түрлерінің бұрынғы тізбесін сақтауды да принципті түрде маңызды деп санаймыз
(тұрмыстық дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, қызмет көрсету саласы және
т.б.).
Бөлшек саудаға салынатын салықты сақтау үкіметтің ҚҚС шегін қысқарту туралы
жариялаған төмендеуіне қайшы келетіні анық, ол мағынасын жоғалтады немесе тек
қана B&B келісімдеріне қолдануы мүмкін, бірақ бұл тәсіл де ШОБ тарапынан
қарсылықтарға ұшырауда.
Осылайша, алда әлі де көп жұмыс бар, бірақ мемлекет басшысының нақты берген
тапсырмалары шағын және орта бизнестің айтарлықтай бөлігі үшін талқылаудың
қолайлы нәтижесіне үміттенуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер Алматы қалалық Кәсіпкерлік басқармасына бірқатар
арыз-шағымдарын айтып, тексеруші органдар тарапынан қысым мен айыппұлдардың
күшеюі және басқа да бірқатар мәселелерді айтты.
Барлық айтылған фактілер бойынша жазбаша өтініштерді қабылдадым және біз
олар бойынша уәкілетті органдарға, оның ішінде прокуратураға сауалдар
дайындайтын боламыз.
Қорытындылай келе, сөз соңында қатарымызға қосылған он шақты кәсіпкерге «Ақ
жол» демпартиясының партиялық билеттерін табыс еттік.