15
Наурыз

Азат Перуашев референдум барысы туралы ой-толғамымен бөлісті

https://t.me/peruash/15544

Сонымен, референдум өтті. Азаматтарымыздың қатысуы жоғары болды, учаскелердегі жанданып тұрған кезектерді бәрі көрді. Жоғарыда жазғанымдай, сол кезектердің бірінде өз бюллетенімді маған да күтуге тура келді.

Адамдар бала-шағасымен, егде ата-аналарымен келіп жатты. Біреулер әдеттегідей келсе, керісінше мерекелік киім киіп келгендер де аз болмады.

Менің учаскемде өзге учаскелерде сияқты бауырсақ таратылып, дәм ұсынылмаса да (ел Амал мерекесін атап өтуде), өзара әңгіме-дүкен арасында көпшіліктің көңіл күйі көтеріңкі екені сезіліп тұрды. Бүгін бүкіл Республика бір деммен, қандай ұлт қалыптастырып жатырмыз, қандай болашақты таңдаймыз деген бір оймен өмір сүргендей болды.

Ілтипатты комиссия мүшелері, нақты рәсімдер, болашағына бей-жай қарамайтын  - мұндай дауыс берулер бір реттік шара болып қалмай, қоғамымыздың жаңа саяси мәдениетінің тұрақты бөлігіне айналса екен деген ой туады.

Партиямыз атынан бақылаушымызды кездестіріп, көңіліп өсіп қалды.

Жалпы, бүкіл науқан мен референдумды ұйымдастыру жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.

Осындай «вайбта» тіпті кім қалай дауыс бергенін сұраудың да қажеті жоқ — бастысы, бұл күні бәрімізді бір тағдыр мен бір Конституция біріктіріп тұрғаны анық сезілді.

Әлі де отбасылық достарымызбен, шағын және ірі кәсіпкерлермен суреттер алмасып жатырмыз: кім қайда дауыс берді, қандай әсер алды.

Жалпы алғанда, күн өте жағымды, тіпті керемет өтті десе болады.

Енді нәтижені күтеміз.