24
Тамыз

Азат Перуашев: Риддер жылу орталығындағы апаттың зардабын жою жұмыстарына байланысты көзқарасым

 https://t.me/peruash/9682

Риддерде келеңсіз жағдаймен есте қалған ЖЭО қалпына келтіру жұмыстарымен таныстық. Былтыр қыста бірқатар энергокәсіпорындарда (Екібастұз, Риддер, Рудный) тұтас қалалардың тыныс-тіпшілігіне қауіп төндірген апаттар орын алғаны белгілі. Бұл жүйелік мәселе бүтін Қазақстан энергожүйесінің коллапсына алып келу қаупі бар ғимараттар мен құрал-жабдықтардың тозуына байланысты екені анық. 

 

Өкінішке қарай, бұл сұрақ уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауынан тыс қалған және сондықтан да бүгінде көптеген энергокәсіпорындарға осындай ТЖ қатері төніп отыр. Риддер ЖЭО қайта тағайындалған директоры Игорь Мельниченко биыл еліміздегі 50-ден астам ЖЭО-ның көпшілігі апатты аймақта тұр деп есептейді. 

 

Оның айтуынша, Риддердегі ЖЭО апаты параметрлері бойынша Екібастұздағыдан да ауыр болған. Бұл жерде көп жылдардан бергі технологиялық қателіктердің кесірінен жарылыс пен өрт орын алып, шатырдың түсуі мен құрал-жабдықтардың бір бөлігінің қирауына әкеліп соққан. Риддер әкімі Дәулет Батырбаевпен бірге газ құбырларына түсіп, жылдар бойы тазаланбай, ыс бітеп тастағанын көрдік. Станция қызметкерлері газ құбырларын жүйелі түрде тазалап тұрудың орнына, түтіннің әлсіз шығу мәселесін жүйедегі температураны көтеру арқылы шешіп, ал, бұл металл қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп, апат себептерінің бірі болған. 

Зарар мөлшері орасан, ал, апат салдарымен әлі күнге дейін күресуде. Жұмыс қарқыны толыққанды жүріп жатыр: нысанда тәулік бойы 400 астам адам жұмыс жасап, жабдықтар мен километрлеп құбырлар әкелінуде. 

Апат салдарын жою жұмысына әріптесіміз - «Ақ жол» демпартиясы атынан Өскемен қалалық маслихатының депутаты Андрей Ливеринов те қатысып, шатырды қалпына келтіруге арналған материалдармен қамтамасыз етуде. 


Жақында станцияға оралған (жоғарыда аталған), 2014-2018 жылдары директор болып жұмыс істеген И.Мельниченко, сондай-ақ қала әкімі Д.Батырбаев апат салдарын жоюдың барысы туралы хабарлады. 

Игорь Владимировичтің айтуынша, 2018 жылға дейін ЖЭО американдық инвестордың меншігінде болып, ол технологиялық циклдарды жүзеге асыруды және кәсіпорынның табысты нарықты басқаруын қамтамасыз етті.

Құрал-жабдықтар мен қызметкерлер «сағат механизміндей» жұмыс істеді, өндірістік тәртіп өз деңгейінде сақталды, ақаулар мен апаттарға жол берілмеді. Табыс бөлімшелерді жаңартуға және лайықты әлеуметтік пакетке уақтылы салынды, 2018 жылдың қортындысы бойынша ЖЭО шоттарында миллиардтан астам тікелей кіріс болып, қызмет көрсетушілер және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынастар орнатылды.

Бәлкім, қалыптасқан тәртіп біреуге оңай олжа болып көрінген шығар, өзіміздің қазақстандықтар келіп (оларды Игорь Владимирович қандай да бір себептермен «банкирлер» деп атады), американдықтан станцияны тартып алды, кірістерді қайда аударғандары белгісіз, нәтижесінде қызмет көрсетушілерге төлем жасауда қиындықтар туындап, басты тұттынушы «Қазцинк» АҚ-мен қарым-қатынас бұзылды. 10 миллиардтан астам қарыз жиналды, жұмысшылар саны 344-тен 160 адамға дейін қысқарды. Оның үстіне, ағымдағы жөндеу жұмыстарын елемеу және жабдықтың жинақталған тозуы қауіпті екенін түсінетін білікті мамандар кетіп қалды. Нәтижесі белгілі.

 

Бүгінгі күні бұзылған қазандықтарды демонтаждау аяқталды, жағу экрандарын, буқыздырғыштарды, экономайзерлерді және басқа да қондырғыларды құрастыру және орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс көлемі орасан зор, олардың жылдамдығы артып келеді (мұны бір-екі апта бұрын станцияға келген, бізбен ере жүрген жергілікті журналистер де атап өтті). Бұл жерде халықтың күш-жігері мен президент пен үкіметтен бастап, жергілікті әкімдіктерге дейінгі мемлекеттік органдардың шешімдеріне құрмет көрсетуіміз керек. Қажетті қаржы бөлінді, жаңа материалдар көптеп келуде. ЖЭО-ға ерекше көмекті «Қазцинк» АҚ көрсетуде, ол уақытты үнемдеу мақсатында үкімет қаулысын күтпей-ақ турбинаға арналған жез түтіктер алуға 2 млрд теңге бөлді (түтіктерге тапсырыс беріп, Қытайдан бір жарым айда алып үлгерді, қазір олар трубчаткаларға жиналып жатыр).

 

Сондай-ақ, «Қазцинк» ЖЭО-дан өз кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз ететін тораптық электр станциясын жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

 

Станция мен қала басшылығы жылу беру маусымының басына қарай орташа қысымды қамтамасыз ететін қазандықтар іске қосылатынына, ал қатты суықтың басталуына (қараша) дейін станция толыққанды жұмыс істейтініне сақтықпен болжам жасауда. қамтамасыз етілген.

 

Бұл ретте жылу электр орталығының директоры да, қала әкімі де қазір тек істен шыққан құрал-жабдықтардың ғана ауыстырылып жатқанын атап өтіп отыр. Сонымен қатар, станцияның барлық басқа элементтері де физикалық тозудың алдында тұр және кез келген сәтте «атылуы» мүмкін. Сондықтан, ешкім мұндай қондырғыларға, мысалы, бірнеше жыл бұрын жөндеуге және қайта іске қосуға сәтсіз әрекеттер жасалған №5 турбинаға кепілдік бергісі келмейді, тіпті, бұл жолы оны жандандыруға да тырыспауда.

 

В целом, впечатления от знакомства с ситуацией на  Риддерской ТЭЦ двоякие. Жалпы, Риддер ЖЭО-ның жағдайымен танысудан алған әсерім екіұдай. Бір жағынан орасан зор жұмыстар атқарылды және атқарылуда, халық қаланы жылумен қамтамасыз етуге асығып, прожекторлар жарығының астында тәулік бойы жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, станцияның елеусіз қалдырылған жай-күйі бұл өте қарқынды жұмыстар нәтижесінің уақытша екенін және ЖЭО мен оның технологияларын толығымен ауыстыру қажеттілігін көрсетеді. Игорь Мельниченко мен оның командасының ерен еңбегі станцияның көзге көрініп тұрған ақтық демін тек сәл ғана кешіктіреді. Ең қорқыныштысы, И.Мельниченконың айтуынша, жақында келген Энергетика вице-министрі басқа ЖЭС-тердегі жағдай бұдан да сорақы екенін атап өткен. «Ондағы жағдайдың қандай болуы керектігін ойлай да алмаймын» - деп ренішін білдіруде самайын ақ шалған инженер.

Яғни, соңғы онжылдықтарда еліміздің энергетика саласы еш жанармай, қолда бармен ғана амалдап келген. Ескі тозып, бұзыла бастады, ал қалалар мен кәсіпорындардың сенім артатын ештеңесі жоқ.

Игорь Мельниченкоға және оның командасына респект, бірақ бүкіл энергетикалық саланы қалай алға жылжыту туралы шешім қабылдау керек. «Ақ жол» фракциясы осыдан 12 жыл бұрын да, одан кейін де, жақында да үкімет алдында бұл мәселені көтерген болатын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-ekbastzda-zhadaj-bojnsha-parlamenttk-tergeu-zhrgzud-snd;

 

https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/ak-zhol-trebuet-likvidirovat-nenuzhnh-posrednikov-mezhdu-nergeticheskimi-kompaniiami-i-potrebiteliami;

 

https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/mashina-rastru-bl-tek-ana-avtomobilder-emes-kommunald-apattard-aldn-alu-zhne-salan-zhartu-masatnda-nergetika-mashinalarn-zhasaud-zhedel-jmdastru-kerek). Бірақ, мемлекеттік органдардың әлі нақты көзқарасы жоқ.

 

Сондай-ақ, Мельниченкомен қазіргі жағдайға байланысты көтеруді қажет ететін бірқатар мәселелерді талқыладық. Атап айтқанда, егер жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша қалпына келтіру жұмыстары бүгінде қарқын алған болса, көмір қоймасында отынның мөлшері өте аз және бұл өте күрделі мәселеге айналуы мүмкін, өйткені ЖЭО-ның көмір жеткізушілер алдында миллиардтаған қарызы бар, олар көмір жеткізіп беруден бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда тіпті жөндеудің аяқталуы станцияның толыққанды іске қосылуын білдірмейді, көмірді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті жабдықты қалпына келтіру және сатып алу қажет: крандар, локомотив, тиегіштер, карлар. Көмір қоймасында құлап қалған кранды байқап қалдық - қажетті машиналардан осы ғана бар.

 

Игорь Владимирович сондай-ақ монополияға қарсы органдардың талаптарын, атап айтқанда, қызметкерлер кеткен жағдайда ЖЭО бос орынды қысқартуға міндетті болатын тәжірибені сынға алды. Бұл талап станциядағы өндірістік қажеттіліктен кадрлар тапшылығы 180 бірлікке жуықтаған жағдайға әкелді. Әкімнің айтуынша, бұл мәселе төтенше жағдайлардың салдарын жою аясында Үкімет деңгейінде шешілетін секілді. Дегенмен, мәселенің өзі жүйелі. Оны зерделеу қажет, расталған жағдайда «Ақ жол» фракциясы іс жүзінде апатты салдарға әкелетін мұндай нормаларды өзгертуді талап етеді.

 

Бүгінде мемлекет пен Үкімет қабылдап жатқан шешімдерге де лайықты қарауымыз керек. Бұл міндеттерге орасан зор күш пен қаражат жұмсалғанын көріп отырмыз.

 

Бірақ, Үкімет «өрт сөндірушілер» рөлінен нақты экономикалық саясатқа, президент айтқандай, жаңа экономикалық моделге көшуі керек. 

Президенттің жыл сайынғы жолдауын күтудеміз және соған сай ұсыныстарымызды дайындаймыз.