16
Қараша

Азат Перуашев: Әріптестермен бірге «Абзал и К» ЖШС күріш зауытында болдық

https://t.me/peruash/12317

Әріптестермен бірге VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Қазақстандағы ірі күріш өсіруші Абзал Ералиевтің «Абзал и К» ЖШС күріш зауытында болдық.

Күрішті тазарту барысымен, өндірілетін өнімдермен таныстық. Қуаттылығы жылына 20 мың тонна болатын зауыт өнімінің жартысынан көбін Өзбекстан мен Ресей Федерациясына экспорттайды, сондай-ақ, ЕАЭО «Жоғары сапалы өнім» белгісіне ие.

Өндіріс қызметкерлерімен кешегі Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің форумында сөйлеген сөзін, атап айтқанда, қайта өңдеуді дамыту және отандық тамақ өнеркәсібін қолдау жөніндегі тапсырмаларын талқыладық.

Сондай-ақ, Ресеймен сауда-саттықтағы түйткілді мәселелерді, атап айтқанда, күріш жеткізуге негізсіз тыйым салынғанын қозғадық. Мұндай шешімдер үшін Ресей тарапының күрішті астық шектеуіне енгізгенін назардан тыс қалдырған ҚР уәкілетті мемлекеттік органдары жауапты деп есептейміз.
Осындай мәселелер бойынша тікелей байланыста болуға келістік.