"Ақ жол"
демпартиясы фракциясы аппаратының жетекшісі, VI және VII шақырылымдағы
Парламент депутаты Берік Дүйсембинов, партияның орталық кеңсесінің жетекшісі
Асылхан Қожахметов пен жергілікті әріптестермен бірге Қызылордада жұмыс
істеудеміз.
Қорқыт ата атындағы университетте "XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы"
байқауының екінші кезеңі қатысушыларын тамашаладық. "Ақ жол" демпартиясы
бұл байқауды 2012 жылдан бері өткізіп келеді, биылғы жылы байқауға еліміздің
түкпір-түкпірінен 250 астам студенттер, жас ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Әділ
қазылар алқасы екінші кезеңге 9 өңірден 41 конкурсантты іріктеп алды.
Бүгінгі әділ қазылар
алқасына танымал алаштанушы, профессор Қайырбек Кемеңгер төрағалық етті.
Қазылар алқасының құрамында журналист, "Адырна" порталынының
жетекшісі Арман Әубәкір мен доцент, Қорқыт ата атындағы университеттің
педагогикалық институтының директоры, Мұстафа Шоқай қорының төрағасы Сағат
Тайман бар.
Байқау
қатысушыларымен тілдесіп, аталмыш кезеңге өтулерімен құттықтадым, "Ақ
жол" демпартиясының Саяси бағдарламасындағы Алаш ұлттық идеясының басты
орыны жөнінде айтып, алдағы дебаттарды сәттілік тіледім.