Нәтижесінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында «Ақ жол» Демпартияның үш депутаты мен «Республиканың» бір депутаты азшылықта қалып, бөлшек сауда салығын төмендету туралы талабымызды билік партиясының көпшілігі қабылдамай тастады.
Рудный қаласының
қала құраушы кәсіпорны еліміздегі ең ірі Соколов Сарыбай кен-байыту өндірістік
бірлестігі Акционерлік қоғамы екенін ескерсек, біртүрлі шешім. Логикалық
тұрғыдан алғанда, мұндай алпауыт кәсіпорын мен оның қызметкерлеріне қызмет
көрсетумен байланысты өз аумағында шағын және орта бизнес желісінің дамуына
ықпал етуі керек. Бірақ, қала әкімінің шағын және орта бизнестен түсетін
салықтың жеткіліксіздігі туралы шешімі не бұл сектордың дамымағандығы (демек,
«ССКӨБ» АҚ жергілікті кәсіпкерлерді толық қамтымай, негізгі табысты шетелге
шығаруда), не экономика заңдылықтары (жүктемені азайту салық салынатын базаның
өсуін ынталандырады) мен экономиканы кешенді ырықтандыру бойынша Президент
Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын түсінбейтін қаланың салық органдарының консервативті
ойлауын айғақтайды.
Күресті
жалғастырамыз.