02
Маусым

Азат Перуашев Рудный қаласындағы ірі компаниялардың еңбек ұжымдарымен конституциялық реформаны талқылады

https://t.me/peruash/6116

Бүгін Рудныйда тау-кен металлургия алыбы ССТӨБ және Рудный құс фабрикасының еңбек ұжымымен кездесулер өткіздік, одан кейін жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелестік. 

Реформаға қызығушылық зор, менің «Конституцияға өзгерістер енгізуге президент бастамашы болғанын білесіз бе?» деген сұрағыма барлығы бір ауыздан «білеміз, естідік» деп жауап берді. 

Соған қарамастан, мен өз баяндамаларымда баса назар аударған жайттар қызығушылық пен пікір қайшылығын туғызады.


Атқарушы органдардың – Үкіметтің, әкімдердің және президенттің өзінің өкілеттіктерін шектеу қажет екендігімен халық толық келіседі. Олар мемлекет басшысының партияда болуын, оның туыстарының мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары болуына шектеу қоюды бірауыздан қолдап отыр.

Үкімет пен әкімдіктерге бақылауды күшейтудің мысалы ретінде Жоғарғы Аудиторлық палатаның құрылуын, сот жүйесінің ашықтығының мысалы ретінде Қ.Тоқаевтың Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сотқа өзгерту туралы бастамасын; онда Бас Прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну құқығымен; Жоғарғы Сот Кеңесінің судьяларды іріктеуінің ашықтығын енгізу. Барлығы жаңа Қазақстан ең алдымен Адал Қазақстан деген қағидатқа сәйкес.

Сонымен бірге, сұхбаттасушылар қатарында «Ақ жол» ҚДП жақтастары мен бағдарламамыздан хабардар қарапайым азаматтар да бар. Бір сауал - (айтпақшы, құс фабрикасының қызметкері қойған!) «Ақ жол» партиясының бағдарламасында парламенттік республикаға көшу туралы жариялау қаншалықты мақсатқа сай; керісінше, күш-жігерді жұмылдыру және мемлекетті нығайту қажет болған жағдайда президенттің өкілеттіктерін қысқарту және парламенттің функцияларын кеңейту қосымша тәуекелдерді тудырмайды ма? Осы орайда 11 ақпанда Мәжілісте  Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуде қазіргі жағдайда мемлекеттік мүддеге күмән келтіруге болмайтынын, сондықтан «Ақ жол» ҚДП парламенттік республика идеясын ұстанғанымызға қарамастан президенттің конституциялық реформасын қолдайтыны туралы айтқанымызды жеткіздім.

Оның үстіне Қ.Тоқаевтың реформасы парламенттің өкілеттіктерін кеңейте отырып, суперпрезиденттік жүйені – президенттік жүйеге өзгертуге бағытталған. Демек, қалай болғанда да, бұл біздің көзқарастарымызға, мемлекеттік басқару моделі мен партиялық жүйені ырықтандыруға бағытталған іс жүзіндегі қадам.

Сондай-ақ қоғамның өзекті мәселелері – азық-түлік бағасының өсуі, қант тапшылығы, металлургтер мен кеншілердің зейнет жасы, жұмысшылардың тамақтануы мен денсаулығын сақтаудағы инвесторлардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы сөз болды. «Вахталық автобустардың терезелеріне перделерді іліп қоюларыңызды өтінемін, біз күн астында қуарып жатырмыз», - деді ССТӨБ қызметкерлерінің бірі, сонымен бірге кәсіпорынның медициналық пункті демалыс күндері жұмыс істемейтінін, ал басқа күндері жұмыс кестесіне байланысты белгіленген процедураларды ала алмайтынын тілге тиек етіп.

Соңғы сұрақтар кәсіподақтардың құзырына жататынын, алайда жазбаша өтініштер үшін өзімнің электронды поштамды айтып, қауымдастық басшылығына бұл мәселені көтеруге уәде бердім. Дереу компанияның басқа да бірқатар қызметкерлері де өз өтініштерін жолдайтындарын айтып, мен де олармен айналысамын деп жауап қаттым.


Біз кәсіпкерлермен «Ақ жол» ҚДП фракциясының салық органдарынан қорғау және ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлу мәселелері бойынша іс-әрекеттерін үйлестіруге келістік. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерді елордада әлеуметтік өнім бағасын шектеу тұрғысында экономикалық саясат мәселелеріне арналған жиынға шақырдым. Меніңше, Үкіметпен дауласатын жайттар бар. 

Мемлекетке банктермен қарым-қатынаста, табиғи ресурстарды пайдалануда, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігінде неғұрлым шешуші өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Көпшілік, ең алдымен, ағымдағы референдумнан бастап, сайлаудағы дауыстарды адал санауды қамтамасыз ету қажет деп санайды. Мен бұл тезисті толығымен қолдадым, одан да күрт өзгерістерге келсек, өзімнің жеке пікірімше, бұл референдумның нәтижелері, халықтың жаппай қолдауы ғана Қ.Тоқаевтың бұл бағыттағы келесі қадамдарына түрткі бола алады.

Қоғам өзгерісті күтуде.

https://t.me/peruash/6121

Түбегейлі өзгерістер қажет («Ақ жол» ҚДП Саяси бағдарламасының тақырыбы, 20 қараша 2020 жыл). 

Кешке біз пойызбен Нұр-Сұлтанға қайтамыз.