Сапар кестесі тығыз болып, өзекті әрі маңызды бірқатар кездесу өтті.
Кездесу реті:
• Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары (Батыс терминологиясы бойынша елдің вице-президентіне ұқсас лауазым) Хань Джэнмен;
• Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы (парламент спикеріне ұқсас) Чжао Лэцзимен;
• Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық ұлттық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен;
• Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен;
• Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы үкіметінің төрағасы Эркин Туниязбен.
Қазақстанмен табысты жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпорында, атап айтқанда, жол, тау-кен, құрылыс, электр машиналары мен жабдықтарының кең ауқымын шығаратын «Sany» компаниясына бардық. Бұл компания (толығымен роботтандырылған желісі бар) жел электр стансаларының бөлшектерін өндіруді локализациялау бойынша Шу қаласында зауыт салуды жоспарлап отыр.
Саяси деңгейдегі
кездесу барысында Қытай тарапы өз бастамасымен Қазақстанның тәуелсіздігін,
егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын;
саяси,
экономикалық және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты дамытуға
әзірлігін;
аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге;
сыбайлас жемқорлық пен капиталды заңсыз шығару және т.б. қарсы бірлесе күресуге дайын екендігін бірнеше рет атап өтті.
Өзге мәселе қатарында Е.Қошановтың ұсынысымен екі елдің ұлттық мүддесін ескере отырып, трансшекаралық өзендерді пайдалануды реттеу мәселесі оңды талқыланды.
Қытайлық әріптестер бұрын-соңды болмаған су тасқынын еңсеруде елімізге қолдау білдіріп, Қазақстан Республикасының зардап шеккен аймақтарына көмек жөнелткені туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде Мәжіліс спикері Гуандун провинциясында болған алапат су тасқынына байланысты көңіл айтып, сабыр тіледі.
ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы басшылығымен бөлек Қазақстан мен Қытайдың осы ірі және ең жақын аймағы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сапар барысында
біздің делегация мүшелері Қытайдың саясат және бизнес өкілдерімен де
сұхбаттасты.