19 тамыз 2024 жыл, Астана қалалық филиалы
Бүгін №68665 әскери бөлімінде су
тасқынының салдарын жоюға қатысқан әскери қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
«Ақ
жол» ҚДП төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, төтенше
жағдай кезінде көрсеткен көмегі үшін әскерилерге алғысын білдіріп, олардың
іс-әрекеттері көптеген адамдарды осы су тасқынының ауыр зардаптарынан құтқарып,
«Апатпен күрескені үшін» медальдарымен марапаттады. Екінші сөзді Солтүстік
Қазақстан облысы облыстық мәслихатының депутаты Евгений Юрьевич Кинцель алып,
облыс тұрғындарының зор алғысын білдіріп, әскери қызметкерлерге денсаулық пен
мінсіз қызмет тіледі.
Сондай-ақ шараға Петропавл қаласы облыстық
мәслихатының депутаты Жалмұқанова Лаззат Жұмағұлқызы, елорда мәслихатының
депутаты – Ибраев Қанат Сұлтанұлы және «Ақ жол» партиясы Астана қаласы бойынша
филиалының қызметкерлері қатысты.