Сондай-ақ,
Талдықорған қаласында бірқатар өндірістік кәсіпорындарда болдық. «Инфроэнерго»
зауытында электротехникалық өнімдердің өндірісімен таныстық. Мұндағы электр шкафтарының корпустары
толығымен Qarmet-комбинаттың мырышталған қаңылтырларынан жасалса, жоғары
қысымды шиналар импорттық мыстан әзірленеді, алайда бұл металл Қазақстанда да
шығарылады. Күні кеше ғана Президент Қ.Тоқаев кәсіпкерліктің шарттары туралы
заңға қол қойды, онда басқа жаңашылдықтармен қатар тау-кен металлургия
алпауыттарын отандық өңдеуші кәсіпорындарды өндіретін металдармен қамтамасыз
етуге міндеттейтін «Ақ жол» фракциясының бастамасы да бекітілген.
Зауыт
трансформаторлық қосалқы станцияларды да құрастырады, директор Даниил Титов
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ тапсырысы бойынша уранды жерасты шаймалау және күкірт
қышқылымен жұмыс істеуге арналған өнімдерді шығаруды мақтаныш ретінде
атады. Талдықорғандық кәсіпкерлердің
басты мәселесі – кадр тапшылығы мен
тұрақсыздық, зауыттарда білім алған жастар көршілес (қазақстандық ауқым
бойынша) Алматыға кеткенді жөн санайды.
Сондай-ақ,
өнеркәсіпшілермен және депутаттармен өндірістік бизнестің басқа да мәселелерді,
салық және инвестициялық саясаттағы алдағы өзгерістерді талқыладық.