09
Сәуір

Азат Перуашев: Талдықорғаннан «Ақ жол» парламенттік фракциясының апталық отырысын өткіздік

https://t.me/peruash/11256

Кеше Талдықорғаннан «Ақ жол» парламенттік фракциясының апталық отырысын өткіздік. Демпартияның жергілікті біздің Жамбыл облысы (М. Шалқарбеков), Алматы облысы (М. Шынасылова), Алматы (О. Нұралдинов), Жетісу (Е. Егінбаев) филиалдарының төрағалары, сондай-ақ Жетісу облыстық және аудандық мәслихат депутаттары жиналды.

Онлайн режимде су тасқыны жағдайы мен «Ақ жол» демпартиясының су тасқынына қарсы шараларға қатысуы талқыланды.

Зардап шеккен аймақтарда әріптестеріміз өзен арналары мен су басқан аумақтарда қорғаныс қоршауларын салуға тікелей ат салысып жатыр. Бұл жұмысқа өз кәсіпорындарының техникалары мен қызметкерлерін жіберіп, қажет материалдарды жеткізуді ұйымдастырып жатыр. Сонымен қатар, «ақжолдықтар» эвакуацияланған азаматтарға көмек көрсетіп, ыстық тамақ, азық-түлік, жылы киім-кешек жеткізуде.

«Ақ жол» демпартиясының Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы филиалдарының мәліметтерін тыңдадық. Облыстық мәслихаттағы демпартия фракциясының жетекшісі Евгений Кинцель бастаған Петропавлдағы партия филиалының басшылығы мен депутаттары тосқауылдарды орнату жұмыстары барысынан тікелей байланысқа шықты.

«Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Серік Ерубаев та Атыраудағы апатпен арпалыс сәтінен есеп берді.


«Ақ жол» демпартиясының бірқатар филиалдары қарғын су басталғаннан бастап (Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Астана, Алматы, Шымкент және т.б.) зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтуде. Осы туралы алдыңғы постта хабарланған болатын.(https://t.me/peruash/11226).

Осыған байланысты, гуманитарлық жүктерді партияның Астанадағы Ұлттық кеңесі арқылы жеткізуді орталықтандырып ұйымдастыру; сондай-ақ, мұндай көмекті жіберген кезде партияның атын атап, жүк көліктеріне логотип жапсырып жөнелту ұсынылды.

Бірінші ұсынысқа қатысты бүгінде партия филиалдары мұндай көмекті өз бетінше жіберіп отырғанын айттым. Уақытты үнемдеу тұрғысынан да, логистикалық шығындар тұрғысынан да бұл тәжірибені жалғастыру мақсатқа сай.

Астанадан гөрі гуманитарлық көмекті Маңғыстаудан көрші Атырауға немесе Түркістаннан Ақтөбеге жеткізу әлдеқайда жақын әрі оңай.

Осы орайда, жүкті қабылдаушы аймақтардың өзімен келісіп отыру маңыздырақ деп ойлаймын. Бұрынғы мұндай жұмыс тәжірибесі (Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқыны, Қостанайдағы өрт кезінде) эвакуацияланған азаматтарға киім-кешек, ұн емес, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмек, резеңке етік қажет екенін көрсетті. Ең бастысы - үйлер мен шаруашылықтарды қалпына келтіру мен жөндеуде көмек керек.

Бұл пікірді Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан филиалдары растады. Оның үстіне бүгінде резеңке қайықтар, етіктер, генераторлар және т.б. қажет болса, алдағы апталарда құрылыс материалдары, мал шаруашылығы мен астықтың тұқым қорын қалпына келтіруге, дезинфекциялық құралдарға және т.б. көмек керек болатынын алға тартты. Сондықтан жүкті тиемес бұрын жер-жердегі партияластармен байланысып, зардап шеккен тұрғындардың мұң-мұқтажын анықтауды өтінді.

Сондай-ақ, зардап шеккен өңірлердегі әріптестер халықтың басына түскен қасірет арқылы өзін-өзі жарнамалауға шақырды. Атап айтқанда, гуманитарлық көмекке партия нышандарын қолданудан аулақ болуды өтінді. Бұл жағдай қоғамды ведомстволар мен партияларға бөлмей, керісінше біріктіруі керек.

Талқылаудан кейін бұл тәсілмен келістік.

Нәтижесінде филиалдар мен жергілікті депутаттар арасындағы тікелей байланыс арқылы көмек көрсетуді жалғастыруға келістік.

Сонымен қатар, кей кәсіпкер әріптестер өз өнімдерін (азық-түлік, киім-кешек, т.б.) көмек ретінде жіберсе, оларды басқа тауарларды жіберуге үндеу дұрыс емес. Қайырымдылық әркімнің жанашырлығы мен жеке сенімінен туындағасын, мұндай әрекетті құрметтеу керек.

Бұл ретте су басқан өңірлердегі «ақжолдықтар» айтқан жайттарды пысықтаймыз. Ол үшін кейіннен өңірлерге жолдау мақсатында түскен қаржыны партияның спонсорлық шотында жинақтаймыз.

Филиалдар арасындағы бұл мәселені үйлестіру Атырауда тасқынмен күрестің бел ортасында жүрген «Ақ жол» демпартиясы төрағасының аймақтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Серік Ерубаевқа жүктелді.

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов зардап шеккен Ақтөбе облысына тағы да ұшқалы отыр.

Фракция барысында Мәжілістің келесі пленарлық отырысына дайындық мәселелерін де талқыладық.