18
Наурыз

Азат Перуашев: Жексенбі күні қалыптасқан дәстүр бойынша әріптестерімізбен Түркістанда ауызашар өткіздік

https://t.me/peruash/11073

Ұйымдастырушылар - "Ақ жол" демпартиясының Түркістан облысы (Абзал Салықбаев) және Шымкент (Ержан Үсентаев) қалалық филиалдарының шақыруымен, Қазыбек Иса, Серік Ерубаев пен Болат Өтепбаев төртеуімізден бөлек, шараға филиал жетекшілері мен "Ақ жол" демпартиясының Астана, Алматы, Қонаев, Жетісу, Орал, Атырау, Қызылорда өңірлердегі мәслихат депутаттары қатысты. Биылғы жылы Ораза Көрісу күні және Наурыз мерекесімен тұспа тұс келгесін барша қауымның көңіл күйі көтеріңкі болды. Арыстанбаб кесенесінің алдында құрбан шалып, Қожа Ахмет Яссауи, Абылайхан зираттарына зиярат етіп, еліміздің хандары мен сұлтандары, билері мен батырларының аруақтарына құран бағыштадық. Ауызашарда Оразаның бір парызын өтеумен қатар пікір алмастық. Ауызашар барысында Қазыбек Исаның жалынды жас оқырманы өзінің жүрек жарды жырларын көпшілікке көсіліп оқып берді, әйгілі ақын өреннің өлеңдерін жоғары бағалап, алдағы уақытта "Қазақ үні" газетіне топтамасын жариялауды ұсынды. Рамазан айына тән ашық, емен-жарқын пікір алмасу кеші болды.