Жұма күні «Ақ жол» демпартиясы
Бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, партия филиалының
жетекшісі әрі Астана қалалық маслихатының депутаты Асқар Смағұлов, сондай-ақ,
партия филиалының жетекшісі және Жамбыл облысы маслихатының тұрақты комиссиясы
төрағасы Мұханбетәлі Шалқарбековпен бірге Тараз қаласында жұмыс істедік.
«Ақ жол» демпартиясының мәслихаттардағы
депутаттарының (облыстық, қалалық және аудандық маслихаттарда партиямыздың
атынан 19 депутат қызмет етуде) ағымдағы жұмыстары жөнінде кеңес өткіздік,
өткен аптада Қостанайда өткен партиямыздың барлық деңгейдегі депутаттары
форумын қортындылап, өңірлердегі әріптестеріміз үшін өзекті мәселелерді
талқыладық.
Партияластар тарифтер мен монополистердің өкілеттігін асыра пайдалануын, инфляция мәселесі және халық тұтынатын тауарларды (киім, аяқ киім, азық-түлік) өндірушілерді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді қолдау қажеттілігі, сондай-ақ кеден саясатының тұрақтылығы мен болжамдылығы мәселелерін көтерді. Қант зауыттарының бірінде агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай бойынша кеңес өткізу туралы ұсыныс жасалды.

Әріптестер «Ақ жол» демпартиясы фракциясынан «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
заң жобасын талқылауға барынша қатысып, депутаттар мен мәслихаттардың
өкілеттіктерін кеңейту мен күшейтуге қол жеткізуді сұрады. Олар мәслихат
төрағаларының депутаттар қызметін шектеу бойынша жоспарларына, мысалы,
түсініксіз сылтаулармен сессияларға қатысуды шектеу мәселесіне алаңдаушылық
білдірді.
Өкілдеріміз Парламенттің алдағы конституциялық
реформасын да қолдады.
Президент Қ.Тоқаевтың АҚШ-қа сапарын
қызығушылықпен талқылап, Жамбыл облысының өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік
кешеніне шетелдік инвестициялардың өсуін атап өттік.
«Ақ жол» депутаттары облыстық мәслихатта
да, Тараз қаласы мен барлық аудандар мәслихаттарында да АСР мөлшерлемесін 2%-ға
дейін төмендету бойынша ұсыныстар жолдағанын хабарлады. Тиісті шешімдердің
жобалары қазірдің өзінде дайындалып, осы мәслихаттардың алдағы сессияларында
қарауға шығарылмақ.
Жаңа Салық кодексін енгізуге қатысты басқа
да мәселелерді, ең алдымен, АСР төлеушілері үшін B2B шегерімдеріне тыйым салуды
және т.б. талқыладық.
Депутаттарымыз Руслан Мырқалықов, Дәурен Ахметжаев
және Бауыржан Найзақұловпен бірге бөлшек сауда, қызмет көрсету, өндіріс және
логистика салаларындағы бірқатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында
болдық. Атап айтқанда, «Тараз» көтерме-тарату орталығының жұмысымен
таныстық, орталық басшысы Алтай Қарабеков көкөністер қорын қалыптастыру барысы
туралы айтып берді. Сондай-ақ, алма пюресі мен шыны өндірісі зауытына бардық.
