Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша «Ақ
жол» демпартиясының есеп беру-сайлау конференциясы болып, оған аудандардан
келген делегаттар мен барлық деңгейдегі депутаттарымыз қатысты (мәселен,
Қызылорда қаласының облыстық және қалалық мәслихаттарында «Ақ жол» депутаттық
фракциялары бар, сонымен қатар, облыстың аудандық мәслихаттарының жартысында
партия депутаттары бар).
Конференцияның шешімімен осы уақытқа дейін
облыстық филиалдың төрағасы қызметін атқарушы боп келген Бауыржан Сандыбаев
филиалдың толыққанды төрағасы болып сайланды.
Бауыржан Тұрсымбайұлы – белгілі кәсіпкер,
депутат, Қызылорда облыстық мәслихатының өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Сондай-ақ көпшілік дауыспен 15 адамнан
тұратын филиалдың жаңа кеңесінің құрамы сайланды.
Филиалдың жаңа басшылығына табыс тілеп,
2018 жылдан бері филиалды басқарып, кәсіпкерліктегі қарбалас жұмысына
байланысты өз еркімен өтініш білдірген бұрынғы төраға Жорабек Прмановқа алғыс
білдірдім.
Сонымен қатар, конференция делегаттарымен
«Ақ жол» демпартиясының ағымдағы жұмысын, Парламенттегі ұстанымымыз, Президент
Қасым-Жомкрт Тоқаевтың барлық деңгейдегі депутаттарды Мәжілістің заң шығару
қызметіне тарту жөніндегі бастамаларына партияның қатысуы және т.б. мәселелерді
талқыладық.
Жаңақорған ауданының бір топ кәсіпкерлері
«Ақ жол» демократиялық партиясына ирригациялық құрылыстарды салуға көмектесіп,
соның арқасында шаруашылықтар суармалы суға қол жеткізгені үшін Алғыс хат табыс
етті.
Жиын соңында қайта қабылданған бірнеше
ақжолдықтарға партия билеттерін табыс еттім.