Бүгін таңертең Петропавл қаласының шетіндегі Есіл
өзеніндегі су деңгейі жергілікті әріптестердің көз мөлшермен бағалауы бойынша,
әдеттегіден 2 метрге жуық көтерілген. Сол (төменгі) жағалау толығымен су
астында қалды.
Сең жүріп электр желілерінің бағанасын зақымдап кеткен.
Салдарынан Петропавл гидрокешеніне бірден 4 резервтік желі арқылы электр беру
тоқтағаны туралы хабарлама түсті.
Осыған байланысты
қалада ауыз су беру тоқтады.
Сағат 10-да әріптестерімізбен бірге қалалық су арнасына
келіп, «Қызылжар су» ЖШС басшысы Ж.Сұлтановпен кездестік. Кәсіпорын директоры
су беруді қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны жасап жатқанын, бірақ
жұмыс ұзаққа, мүмкін бір күнге созылатынын айтты.
Дүкендерде ауыз су тез сатылып жатқандықтан қалада автоцистерналармен ауыз суды тарату ұйымдастырылды.