25
Мамыр

Азат Перуашевтың 2022 жылдың 25 мамырындағы Мәжілістің пленарлық отырысында Салық кодексіндегі өзгерістерді талқылау барысындағы сөзі

Қаралып отырған заң жобасы президенттің тапсырмасын орындауға бағытталған және шикізат олигархтарының салықтық жүктемесі мен тапқан табысының сай келмеуі секілді дисбаланстарды жоюға арналғаны үшін ғана қолдауға лайық.

Бірақ, мен бұл заң жобасынан тысқары қалған, кәсіпкерлердің өздері де көптен күткен және нәтиже ала алмаған жағдайдар туралы айтқым келеді.

Ең алдымен, салықтардың тек фискальді емес, ынталандыратын функциясы бар екенін атап өткен жөн. Шенеуніктер бұл туралы үнемі ұмытып кетеді. Салық саясаты бизнеске мемлекеттің қай сектооларды дамытқысы келетіні, қайсысының аяғын нық басып тұрғаны жайында белгі береді.

2012 жылдан бастап “Ақ жол” демпартисяның фракциясы үкіметке әлеуметтік және маңызды тауарларға төмендетілген салалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді табанды түрде ұсынып келеді.

Бұл әдісті ЭСДҰ және Евроодақ елдері: Швеция, Испания, Германия, Австрия, Польша, Литва және т.б. кеңінен қолданады. Ол жақта ҚҚС жалпы мөлшерлемесі 20-25% болса, ауылшаруашылығы үшін - 0%, азық-түлік өнімдері мен тұтыну тауарларына – 3-5%, тұрғынүй салуға, құрылыс материалдарына, машиналар мен құрылғыларға – 6-8%.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, тіпті Ресейдің өзінде бұл механизм отандық өндірілетін азық-түлік өнімдеріне енгізілген болатын.

Алайда, біздің үкімет мұндай бастамалардан үзілді-кесілді бас тартуда.

2020 жылы Президент Қ.Тоқаев төтенше жағдай кезінде өз шешімімен әлеуметтік тауарларға ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін уақытша енгізді. Бірақ сол жылы біздің фракцияның Кодекске сәйкес норманы енгізу туралы үш әрекеті «әкімшілік ыңғайсыздық» деген желеумен үкіметтің тағы да бас тартуына ұшырады.

Сонда салық кімге қолайлы болуы керек, кәсіпкерлерге ме, шенеуніктерге ме?

Бүгінде бағаның өсуіне қарсы күрес күн тәртібінде тұр. Міне, құрметті мемлекеттік органдар, тауар құнын төмендетудің нақты құралы. Бұл одан да өзекті, өйткені ҚҚС шеңберінде қосылған құннан емес, айналымнан қосарланған салық салу кеңінен тарады.

Мәселе мынада, Салық кодексінің 403-бабына сәйкес салық органдары ҚҚС-ты есепке жатқызу бөлігінен алып тастауға және оны тек соңғы мәміледен ғана емес, сонымен бірге тауар айналымының толық циклінен де алуға құқылы.

Иә, қағаз жүзінде салық төлеуден жалтару және жалған шот-фактураларды беру фактілеріне сілтеме жасайды. Бірақ іс жүзінде бұл ереже ең кең таралған болды, ондаған мың кәсіпорындарға әсер етті, кейбір жағдайларда бизнестің күйреуіне әкелді, мысалы, жылдық айналымы 400 миллион теңгені құрайтын ЖШС 3-5 миллиард теңгеден салық алады. Және бұл нақты мысалдар.

Бұл бопсалау және кәсіпорындарды тартып алу үшін ең көп қолданылатын норма болды.

Күні кеше ғана Президент Тоқаев бизнестегі осы проблемалар туралы айтты.

Баспасөзде бақылаушы органдардың заңды қалай оқығаны туралы айтылады: мәселен, кеше ғана Алматыда прокуратура 757 кәсіпкерден, елордада тағы 170 ШОБ субъектісінен қосымша салықты алып тастады. Бұл тек екі қалада және бір күнде ғана.

Немесе пестицидтер мен асыл тұқымды малдарды әкелу үшін ҚҚС есепке алу әдісін қайтару секілді тағы бір түйткілді мәселе. 1 қаңтардан бастап мыңдаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бұл норманы күтіп отыр, одан бюджет ештеңе жоғалтпайды, бірақ шаруалардан айналым қаражаты алынады.

Ет, сүт, бидай, т.б. тауар бағалары осыған байланысты.

Ал заң жобасы бұл мәселені айналып өтіп, шаруаларды құр қалдырады. Азық-түлік бағасын ұстау қайда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұстанымы қайда?

ҚҚС өзіне қатысты мәселе.

Табиғаты бойынша бұл артық өндірісті тежеуге арналған салық.

Бірақ бізде артық өндіріс емес, «кем өндіру» дағдарысы бар.

Бүгінде несиенің үштен екісіне жуығы өндіріске емес, тұтынуға, импортқа тәуелділікті қаржыландыруға жұмсалады.

Біз сияқты шиказыттық ресурсқа негізделген экономикалар үшін ҚҚС шикізатты өндіруден гөрі дайын өнімді импорттау тиімдірек. Шикізат өндірушілерге ҚҚС қайтарылуы олардың төлейтін салықтарымен салыстырылады және мемлекет есебінен қосымша табыстың орасан зор көзі ретінде қызмет етуі тегін емес.

«Ақ жол» фракциясы бұған дейін үкімет әлеуметтік тауарларға ҚҚС төмендетілген мөлшерлемелерді енгізгісі келмесе, жалпы алғанда ҚҚС-ты оның барлық бюрократиясымен айналым/сату салығымен ауыстыруды қарастыруды ұсынған болатын. Бұл неғұрлым адал көзқарас. Мұндай салық ҚҚС-тан 3-4 есе төмен болуы керек. Сонда басқаны әкеліп, қайта сатқаннан гөрі өндірген тиімдірек болады. Ең бастысы, салықты есептеу мүмкіндігінше қарапайым және барлығына түсінікті болады.

Кезінде Үкімет бұл реформаға жақындауға тырысты, бірақ мөлшерлемені айтарлықтай төмендеткісі келмей, каскадты есептеу әдісін қосып, идеяны өзі өлтірді. Қайта оралып, мәселені қарастырайық.

Тағы бір мәселе: Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасынан кейін кедейшілікпен күресті басты міндет етіп белгіледі. Бұл жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы ғана жүзеге асады.

Бірақ кәсіпкерлік таудай есеп пен инспекторлардың әсерінен тұншығып жатыр. Дәл сол ҚҚС – бұл кәсіпкер өз кассирі, заңгері және бухгалтері болып табылатын шағын бизнес үшін өте қиын салық.

Сондықтан, шағын бизнес үшін әлем әлдеқашан «Жаңа салық салуды» (патентті) ойлап тапты: сіз жылына бір рет төлейсіз - және ешкім сізді чектермен және айыппұлдармен мазаламайды.

Осы шешімнің өзінде біз ондаған және жүздеген миллиардтарды жұмсайтын, басқа ешбір жұмыспен қамту бағдарламасы жасамаған көп жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бірақ Үкіметтен бұл «өткен кезең», одан ҚҚС жақсы деген жауап аламыз. Ал ҚҚС есептерді, тексерулерді, айыппұлдар мен параларды білдіреді.

Кәсіпкер ісін жауып, жәрдемақы сұрап келеді.

Ал жас, бірақ онсыз да немқұрайлы шенеуніктердің дұрыс идеяларды елемеуінің мұндай мысалдары ондаған.

Салық салудың сервистік моделіне көшетін уақыт жетті, яғни, айыппұл салу үшін емес, кәсіпкерлерге көмектесу үшін.

Президент бизнес өкілдерімен кездесуде үкіметтің экономикалық блогында ойланудың жоқтығын атап өтті.

Іс жүзінде бизнес пен «Ақ жол» партиясы жылдар бойы экономикалық саясатты терең реформалауға, түбегейлі басқа бизнес-климатты құруға бағытталған бастамаларды алға тартып келеді.

Бірақ олардың бәрі бюрократиялық машинаға батып бара жатыр.

Ал бизнеске, экономикаға Жаңа Қазақстан туралы жай сөз емес жаңа парадигма, өзгерістер қажет.

Конституциялық реформа биліктің үлгісін де, өмірдің өзін де өзгертуді бастау үшін жүргізілуде.

Ендеше, неге барлығын бұрынғыдай толық бақылаумен, кәсіпкерлерді қудалаумен, айыппұлдармен, парамен қалдыруға тырысасыздар?

«Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы, бәлкім, 100-ші рет заң жобасын талқылау барысында енгізетін жоғарыда аталған және басқа да кейбір ұсыныстарды қарауды талап етіп отыр.

Біз бұл құжатты біздің бастамаларымызды барынша мұқият зерттеген жағдайда қолдайтын боламыз. Бізді жалаң жауаптар қызықтырмайды.

Егер қазірдің өзінде Президент тапсырмасын орындауды қолға алып жатсаңыз, онда сөзбе-сөз тапсырмаларды ғана емес, осы реформалардың мәнін де орындауға азаматтық батылдық танытыңыз, экономикалық саясатқа нақты әрі терең өзгерістер енгізуге батыл болыңыз.

Әйтпесе, шенеуніктердің ойы ғана емес, рухы да, мемлекеттілігі де кемшін дегендей әсер бар.

Назар аударғандарыңызға рақмет.