02
Қыркүйек

Азат Перуашевтің Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына пікірі

Бүгінгі Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі жылдардағы барлық жүйелі мәлімдемелері сияқты ауқымы кең әрі көп салалы болды. Бұл бүгінде қандай күйде екеніміз бен жақын болашақта қандай бағытта жылжитынымызға Мемлекет басшысының көзімен қарауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі жолдаудың жалпы оптимистік сарынына қарамастан, орталық пен орынтағында отырған кейбір шенеуніктердің Президент сынынан кейін көңілі күпті болғаны анық.

Президенттің ең алдымен экономикалық салаға жіті тоқталғанына назар аудару керек. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы банк секторы тарапынан мемлекет бюджетіне әділетті үлес қосылуы мен осы орайдағы сараланған салық салудың қажеттілігін тағы да атап өтті.

Бұл тәсілді сөзсіз құптаймыз әрі бұған дейін ҚНРДА басшылығы бұған қарсы шыққанын еске сала кету керек. Соған байланысты, биыл 26 маусымда біз агенттіктің мемлекет басымдықтарына қарсы түрде банктердің мүддесін қорғап отырғандығы туралы нәтиже шығарған едік (https://t.me/peruash/116977).

Бүгін Президент бұл пікірталасқа нүкте қойды.

Одан бөлек, банктерден экономиканы несиелендіруді арттыруды талап етіп, соған байланысты Үкімет пен Ұлттық банкке тиісті шара кешенін әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Салық кодексіне орала отырып, Қ. Тоқаевтың тағы бір мәрте оны қолданыста түсінікті қылу керектігіне назар аударды. Еске сала кетейін, бүгінде әзірленген Салық кодексінде бұрынғы баптарға тағы да 100 жаңа бап қосылды. Бұл оның қабылдануын айтарлықтай күрделендіреді. Биыл 1 шілдеде вице-премьер мен Ұлттық экономика министрі Н. Байбазаров қатысқан Ұлттық Кеңес Пленумында «Ақ жол» демпартиясы бұл құжатқа қатысты өз сынын айтқан болатын (толығырақ мына жерден көруге болады: https://t.me/peruash/11705).

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы салық саясатындағы ең түйткілді мәселені дәл атап, «бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс» екендігін айтты. Бүгінде, шын мәнінде, салық органдары барлық айналымды адал көрсетіп, қажетті төлемдерді төлейтін заңды бизнес «қорқытып-үркітуде». Дәл осындай кәсіпкерлерге мәмілелерді жарамсыз деп тану тәжірибесінің кең етек алуының нәтижесінде іс жүзінде қайта салық салу қолданылады. Ал мұндай айла-шарғылардың бастамашыларын, нақты алаяқтарды ешкім іздемейді. Салық әкімшілігін жеңілдету және «тазарту» Кодекстің ең маңызды және ең сезгіш міндеті екеніне сенімдімін.

Президенттің «Басқаруды толық цифрландыруды жүзеге асыру туралы» тапсырмасы да осыған саяды. Салық органдары осы бағытта қозғалып жатқанын білеміз. Жақында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті күдікті (ресурстармен немесе тауарлармен қамтамасыз етілмеген) операцияларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін электрондық шот-фактураларды мониторингілеу бойынша презентация өткізді. Бағдарлама міндетті түрде жетілдіруді қажет етеді. Бірақ бағыттың өзі дұрыс. Бүгінгі Жолдау іске жақсы серпін беретініне сенімдімін.

Сондай-ақ, салықтық тексеру, салық берешегі, салық режимдері, қайта инвестициялауды салық бойынша қолдау, өңделген өнімдерді экспорттау және т.б. бойынша кәсіпкерлер үшін оң және тиімді тәсілдер айтылды.

Құжаттың күрделігін, оны жан-жақты зерделеу қажеттігін, сондай-ақ бизнес қауымдастығының белсенді түрде білдірген алаңдаушылығын ескере отырып, Қ.Тоқаевоны қабылдауды келесі жылға қалдырған сияқты. Бұл экономика мен мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешімді іздеуге мүмкіндік беретін өте маңызды шегерілім (бірақ аялдау емес!). Мемлекет басшысына жағдайға түсіністікпен қарағаны үшін және мерзім қысымынсыз талқылауды жалғастыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айту орынды болар еді деп ойлаймын. Бұл «баяулату» дегенді білдірмейді, керісінше, құқық негізіне барынша енуді көздейді.

 

Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы Инвестициялар жөніндегі штабтың жұмысына сыни баға беріп, «кейбір әкімдер мен министрлердің инвесторларды тартумен дұрыс айналыспай отырғанын» атап өтіп, «бұл мәселені ретке келтіруді» тапсырды. 7 ақпандағы Үкімет отырысында және «Экономиканы ырықтандыру туралы» Жарлықта қойылған осындай тапсырмаларды ескерсек, бұл сынға келіспеу қиын. Мемлекеттік органдардың инвесторларға, олардың жобаларына баяу, тіпті немқұрайды қарауының нақты мысалын біз Парламентте сөйлеген сөздерімізде және «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалдарында үнемі көтеріп жүрдік.

Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік кәсіпорындарды тиімсіз басқару туралы айтқан сөзін де осы бағытта қарастырған жөн. Атап айтқанда, ол мемлекеттік холдингтер мен мемлекет арасындағы қаржылық қатынастар мәселелеріне жүйелі түрде қарауды талап етті. Еске сала кетейін, «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау кезінде осы саладағы айқын теңгерімсіздіктерді атап көрсетті. Сол кезде квазимемлекеттік кәсіпорындар мемлекет есебінен қаржыландырылғанымен, бюджетке табысының 10 пайыздайын ғана аударатынына назар аударған едік.

Мемлекет басшысы сондай-ақ орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмасын еске салып, оның үлесін қазіргі 7 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруды талап етті. «Орта бизнесті ұлғайту бойынша әлі де кешенді шаралар жоқ», - деді Мемлекет басшысы. Бұл міндетті экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту, шағын және орта бизнесті қолдау және отандық өндірушілердің өнеркәсіптік әлеуетін ашудың жүйелі қадамын әзірлеумен қатар қарастыру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жөнінде де айтты.

«Ақ жол» демпартиясының бұл мәселелер бойынша ұстанымы Президенттің бағалауына өте жақын екенін атап өту қажет (мысалы: https://www.caravan.kz/news/deputat-azat-peruashev-vyskazalsya-o-perspektivakh-razvitiya-promyshlennosti-kazakhstana-1015765/).

Кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділіктің маңызды факторы ретінде Үкімет пен Бас прокуратураның шенеуніктердің заңсыз әрекетіне қатысты кәсіпкерлерден түскен арыз-шағымдармен жұмыс істеуге міндетті екендігін әрі мұндай келеңсіз құбылыстарды жою қажеттігін атап өтті.

Мұнай газ-химия, металлургия, машина жасау салаларын дамыту; инфрақұрылым секторлары (энергетика, көлік, логистика), заңсыз алынған активтерді қайтару және т.б. бойынша Жолдауда қойылған басқа да бірқатар ірі міндеттерді атап өтпеуге болмас;

Атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуді тағайындау (биыл 6 қазанда белгіленген) мен аудандар мен облыс орталықтарының әкімдерін толық сайлауға көшу туралы шешімдер ең резонансты болған сияқты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы референдум туралы айта келе, мәселе «Естіуші мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру туралы болып отырғанын атап өтті. «Біз болашақ туралы ойлауымыз керек», - деп қосты және бұл дамыған елдердің атом энергетикасына жалпы бетбұрысы аясында салмақты дәйек.

Осы шешімнің негізінде «Ақ жол» демпартиясы жақын уақытта АЭС мәселесіне қатысты ұстанымымызды әзірлеу үшін партияның Ұлттық кеңесін өткізеді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев та пленумға шақырылды және қатысатынын растады. Отырыс күнін талқылаудамыз.

Мемлекет басшысы сөзінде Парламент пен депутаттарға бірнеше рет қарата сөз айтып, заң шығарушы билікті ұлт тағдыры үшін жауапкершілікті бөлісуге шақырды. Отандық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы ретінде біз үшін жаңа саяси маусымдағы үлкен міндет мен көп жұмысты білдіреді.