«Ақ жол” демократиялық партиясы атынаң Алматы түбінде апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағының қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғы. Аман қалған, ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған екі азаматымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Мемлекет басшысы бұл апаттың себептерін анықтауды тиісті органдарға тапсырды.