23
Қантар

Азат Перуашев Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен барды

23 қаңтар 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев  Орал қаласында іс-сапарда болды. Сапар барысында партия атынан жаңадан сайланған жергілікті мәслихаттардың 19 депутатымен кездесті.

         Сонымен бірге, облыстық, қалалық, аудандық ауруханалардың дәрігерлерімен жүздесіп, оларды COVID-19 індетімен жанқиярлық күресі үшін арнайы төсбелгімен марапаттады. Олардың арасында індет жұқтырған адамдардың өмірлеріне араша түскен реаниматологтар, эпидемиологтар, инфекционисттер бар.

Сапар соңында Азат Перуашев «ТДК-42» телеарнасының тікелей эфирінде партия фракциясы қызметінің негізгі бағыттары жөнінде сөз қозғап, сұхбат берді.