27
Наурыз

Азат Перуашев филиал жетекшілерімен аймақтық жиын өткізді

26 наурыз 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, партиясының жергілікті филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов шырайлы Шымкент шаһарындағы А.Қуатбеков атындағы Университеттің оқытушыларымен кездесті.

Кездесуде Президент Қ.Тоқаевтың жолдауын талқылап, жолдауында көтерген мәселелері бойынша партияның көзқарасымен бөлісті. Пікіралмасу барысында жекеменшік университеттерді қолдау туралы да әңгіме айтылды.

Мұнан соң «Ақ жол» партиясының жергілікті филиалының жетекшісі Әлімхан Әбжанның ерік-жігерімен небары жеті айда салынып біткен World Class спорткешенінің салтанатты ашылуына қатысты.

  • Бірінші жоба шымкенттіктер арасындағы танымалдылығы мен қажеттілігінің жоғары болуы соншалық, кәсіпкер бұл бағытты кеңейтіп, екінші нысанды қолданысқа енгізуге тура келген. Шығындарын өткен олимпиада көрсетіп берген кәсіптік клубтар мен шетелдік легионерлерге жұмсалатын бюджеттің миллиардтаған қаржысынан гөрі салауатты өмір салтын насихаттаудың нақты мысалы. Ахмет Байтұрсынұлы: “Басқалардан кем қалмау үшін, біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек”. Міне, нағыз - күшті), - деді Азат Перуашев

Партия төрағасы Азат Перуашев Шымкеттегі күнді қорытындылай келе «Ақ жол» демпартиясының Шымкент, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары филиалдарының жетекшілерімен аймақтық жиналыс өткізді.

Президент жолдауына байланысты тапсырмаларды, алдағы конституциялық және саяси реформаларды, белгіленген бағыттар бойынша партияның ұстанымдарын талқылады.

Жиын соңында бір топ спортшыға партия билеттерін табыстады.