16
Мамыр

Азат Перуашев Маңғыстау облысындағы "МАЭК - ҚазАтом өнеркәсіп" ұжымымен кездесті

16 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында «МАЭК-Қазатом өнеркәсіп» ұжымымен кездесті. Ең алдымен мәжілісімен кәсіпорынның мұражайымен танысты.

Мұнан соң «Ақ жол» көшбасшысы  мекеме қызметкерлеріне 5-маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Конституциялық реформаны іске асырудың басты кепілі халық екендігін тілге тиек етіп, жалпыхалықтық референдумда сайлау учаскелеріне барып дауыс беруге шақырды.

Сондай-ақ жиналған қауымның өзекті сұрақтарына жауап беріп, проблемаларын тыңдады. Партия төрағасы көтерілген мәселелер «Ақ жол» партиясы фракциясының отырысында талқыланатынын жеткізді.

         Жиын соңында «МАЭК-Қазатом өнеркәсіп» ЖШС күрделі жөндеу цех басшысының орынбасары Бауыржан Байрбековті ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапаттады.