6 қаңтар 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да салаларға қажет уран, бериллиева, тантал және ниобий өнімдерін өндіруші әлемге әйгілі өнеркәсіптердің бірі Үлбі металлургия зауытының жұмыскерлерімен кездесті. Кәсіпорында 4 мыңнан астам адам еңбек етеді.
«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Шығыс Қазақстан металлургтеріне партияның «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы туралы толық айтып берді.
Ол ҮМЗ еңбек ұжымы күрделі жағдайда уран, тантал, ниобий өндірісі бойынша әлемдік нарықта көшбасшылықты сақтай алғанын атап өтті. Азат Перуашевтің пікірінше, атом өнеркәсібі кәсіпорнын одан әрі дамыту үшін өндіріс саласында жұмыс жасайтын қазақстандық жастарды тәрбиелеу керек. Оған қол жеткізудің бірегей жолы - еліміздің университеттерінде бәсекеге қабілетті инженерлік білім алу мүмкіндіктеріне үлкен назар аудару.
«Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы Азат Перуашевтің сөзін қызметкерлер ерекше ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады. Кездесу барысында қатысушылар өздерін мазалаған қазіргі Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық саясатының өзекті мәселелері бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды.
«ҮМЗ» АҚ басшылығы Азат Перуашевке уран, тантал және ниобий нарығының жай-күйі мен даму үрдісі, тантал және ниобий өнімін өндіру технологиясының дамуы, жекелеген кен орындарында шикізат өндіру және жеткізудің сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өскемендік «атомшылар» «Ақ жол» партиясына және оның төрағасы Азат Перуашевке бірегей өндірісті заңнамалық деңгейде қолдауға нақты көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.