04
Ақпан

Азат Перуашев Қостанайда "Ақ жол" демпартиясынан жергілікті мәслихаттарға сайланған депутаттармен кездесті

https://t.me/peruash/1310

Қостанайда "Ақ жол" демпартиясынан жергілікті мәслихаттарға сайланған депутаттармен кездестік. Мұнда 29 әріптесіміз барлық деңгейде депутат атанды. Оның 3-еуі- облыстық филиалымыздың жетекшісі Махаббат Жутаев бастаған облыстық мәслихат депутаттары. Махаббат партияның аймақтағы жұмысын тиімді жолға қойып, бизнеспен, жергілікті БАҚ-пен, жемқорлыққа қарсы қозғалыспен белсенді жұмыс жасауда. Мәслихаттардағы өкілдеріміз де өздерінің көзқарастарымен, жігерлі ұмтылыстарымен жағымды әсер қалдырды.

https://t.me/peruash/1314

Жұмыстың көптеген бағыттары бойынша өте қызу әңгіме болды. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының кешегі шағын бизнестің салықтық есеп беруін жеңілдету (үй маңындағы дүкендер), отандық ұн шығару саласының мүдделерін қорғау, заңды бұзған бизнесмендерді бас бостандығынан айырмай шалғай қалаларға жер аударумен алмастыру секілді сауалдарын әріптестеріміз қызу қолдады. Айтпақшы, соңғы тақырыпты М.Жутаевпен 2016 жылы Арқалық сапары кезінде талқылаған едік. Идея соныкі болатын. )Ал, бүгін біздер оны көптеген кәсіпкерлердің қолдағанын көріп отырмыз.
Жергілікті мәселелер де айтылды. Мысалға, сағат белдеуін ауыстыру(бір сағатқа кейін) және Аманкелді ауданында жуырда ғана тұрғызылған су айдау мұнарасының құлап қалуы секілді мәселелер әңгіме өзегі болды.