29
Қантар

Азат Перуашев Қызылода облысында іс-сапармен болды

https://t.me/peruash/1267

Қызылордада, Мәжіліс депутаты Азат Сембиновпен бірге "Ақ жол" демпартиясынан сайланған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, партияның аудандық өкілдіктерімен кездестік. Мәслихат депутаттары мен Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының, аудандық өкілдіктерімен жұмыс қарым -қатынасы қалай болу керектігі талқыланды. Жергілікті бюджетпен жұмыс істеу және партия бағдарламасын жергілікті деңгейде жүзеге асыру жөнінде оқыту семинарларын өткізу жөнінде келістік.


Филиал төрағасы Жорабек Прмановқа "Құрмет" орденін, оның орынбасары Шәрбану Есікееваға "Ерен еңбегі үшін" тапсырдық. Олар екеуі де Тәуелсіздік күнінің құрметіне Президент жарлығымен марапатталған болатын. Сайлауға байланысты марапаттаудың сәті осы жұмаға түсті.
Сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамовпен кездесіп,жергілікті жердегі партияаралық қарым-қатынас мәселесін сөз еттік.