29
Қантар

Азат Перуашев Қызылорда облысына іссапармен барды

29 қаңтар 2021 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев пен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Азат Сембинов Қызылорда қаласындағы «Prima Park» бизнес-орталығының мәжіліс залында партияның Қызылорда облыстық филиалының активімен кездесті. Кездесу барлық санитарлық талапқа сай жүргізілді.

 Партия төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық филиал төрағасы Ж.Прмановқа «Құрмет» орденін және филиал төрағасының орынбасары Ш.Есекееваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Сондай-ақ ол жиын барысында Төтенше жағдай және карантин кезінде облыста талмай еңбек етіп, науқас өміріне араша болған медицина қызметкерлерінің еңбектерін бағалай отырып, партия мен әріптестердің атынан  жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтып, “Ақ жол” демократиялық партиясының “COVID-19-бен жанқиярлық күресі үшін” төсбелгісін тапсырды.

 Кездесу барысында партия төрағасы Қызылорда облысынан сайланған депутаттарды құттықтап, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Филиал белсенділері Партия төрағасына қазіргі кездегі аймақ бойынша қордаланған мәселелер төңірегінде өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын  да жеткізді.

 Кәсіпкерлік нысандарының алған несиелерін төтенше жағдай кезінде тоқтату туралы берілген тапсырма өз деңгейінде орындалмағандығын, сол себепті несиені өтеу үшін несие үстіне несие алып жатқандықтары туралы айтылды.

Барлық медицина мекемелеріндегі міндетті медициналық сақтандыру  жеңілдігін тек қана көп балалы ана нысанына жататын «Күміс» және «Алтын алқа» иегерлерінің ғана қолы жетіп отыр. Ал 4-5 баласы бар аналарға  мұндай мүмкіндіктерідің қарастырылмағандығын айтып, оларға да жеңілдіктер болса деген ұсыныс айтты.

Қазіргі кезде соғыс ардагерлерінің тым аз қалғанын алға тарта отырып, 1938-1945 жылдар аралығында туған қарттарға көршілес Ресей мемлекетіндегідей «Соғыс баласы» («Дети войны») статусын беру керектігі жөнінде де айтылды.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар естелік суретке түсті.