19
Мамыр

Азат Перуашев Жаңаөзен мұнайшылары және қоғам белсенділерімен Конституциялық реформаны талқылады

https://t.me/peruash/5697

Мамырдың 17 күні Жаңаөзенде Өзенмұнайгаз компаниясының өндірістік басқармасында бірінші кездесу өтті.
Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына түсіндірме жүргізгеннен кейін ағымдағы мәселелерге қатысты ұжымның сұрақтарына жауап бердім.
Нақты айтқанда, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда қаза тапқан студентке қатысты тергеу барысы бойынша сұрақ қойылды. Қаза тапқан жігіт бір отбасның жалғыз баласы екен, ал, компанияда істейтін әкесі тергеу органдарынан баласының қаза табуының себеп-салдарын біле алмай жүр екен. Сондай-ақ, әріптестер қаза тапқан жігіттің отбасына көмек көрсетіле ме соны анықтауды сұрады.

Кәсіподақ басшысына (осы сауалды қойған) қаза тапқан жас жігіттің отбасы мен туыстарына біздің көңіл айтуымызды жеткізуді, ал, «Ақ жол» демпартиясының Маңғыстау облыстық филилы жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Жаңбырбай Матаевтан депутаттық сауал дайындау үшін қаза тапқан жігіттің анықтамаларын жіберуді сұрадым. Білуімізше, «Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді, ол үшін тергеудің ресми нәтижелерін алу керек.
Өзге кәсіподақ басшысы «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары тәуелсіз кәсіподақтарға Еңбек кодексі мен кәсіподақтар туралы заңнаманы талқылауда және басқа да мәселелерді шешуде қолдау көрсете ала ма деп сұрады. Мен біздің фракция қолдау көрсетіп ғана қоймай, еңбек дауларының заң шеңберінде шешілуіне, сонымен қатар, пікіралмасудың өркениетті әдістерін пайдалануға тікелей мүдделі екенін айттым. Ж.Матаев Жаңаөзенде «Ақ жол» ҚДП-ның мәслихат депутаттары бар екенін, солар арқылы кәсіподақтар партиямен тікелей байланыста бола алатынын жеткізді.
Әңгімелесушілердің бірі энергияның балама көздерінің дамуы мен оған көптеген елдердің көшуіне байланысты (Соның ішінде Ресейден жеткізілетін энерготасымалдаушыларға салынған санкциялар салдарынан) мұнай өндіру тиімсіз болып қала ма деген қаупін жасырмады.
Мұндай жағдайда саны жыл сайын ұлғайып келе жатқан Жаңаөзен халқы қалай өмір сүрмек?
Қауіп тек мұнай өнімдеріне деген бағаның құлдырауында ғана емес, зерттелген кен орындарының таусылуында да жатқанын айттым. Пайдалы қазбаларға деген тәуелділіктің өзі экономиканы диверсификациялау бағдарламаларының тиімсіздігін және барлау жұмыстарын қаржыландыруды, біріккен кен орындарымен жұмыс істеу үшін технологиялардың қажеттілігін (ондай технологиялар бар) көрсетті; ең алдымен, үлкен инвестицияларды емес, өзгеріп жатқан шарттарға бизнестің икемделуі мен бейімделуі үшін ШОБ-ты дамыту керек.
Кезінде Англияда шағын ауыл шаруашылықтары үшін жер телімдерін қысқарту кешегі шаруагерлердің жаппай Америкаға көшуіне алып келіп, сол арқылы болашақ АҚШ-тың колонизациялануына жол ашылғанын еске салдым. Біздің жағдайда өзге елге кетудің қажеттілігі жоқ, Қазақстанның әр аймақтарында мұндай өндеуден басқа да экономиканың түрле секторларында жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Мәселе көзбояушылық үшін емес, диверсификацияны ынталандырып, ішкі мигранттарды қолдайтын тиімді экономикалық саясатта.

Мұнайгаз саласының ардагерлері зейнет жасындағы адамдарды депутаттыққа кандидат ретінде ұсынудағы шектеудің себептерін сұрады. Депутаттық қызмет ауыр физикалық жүктемені қажет етпейді, зейнеткерлердің көбі қуатын жоғалтпаған, белсенділігін сақтағандар, олардың мол тәжірибесі мен білімі өздері бес саусақтай білетін нақты салаларда заңнамаларды әзірлеуде пайдаланылса болар еді деген пікірлер айтылды.
Мұндай шектеулердің жоқтығын айттым; жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 30% квота барын жеткіздім. Қалған кандидаттар партиямен деке дара анықталады. Одан бөлек, Қ. Тоқаев ұсынған конституциялық өзгерістер, оның ішінде, мажоритарлы сайлау жүйесін енгізу, үлкен беделі бар ардагерлерге партиялардан тыс та сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. Пікір алмасу барысында, зейнеткерлерді депутаттыққа ұсынуды шектеу Нұр Отан партиясымен өз тізімдері үшін 2020 жылы енгізілгені анықталды. Бұл аталмыш партияның ішкі жұмысы, өзге партиялар мен бірмандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсынғысы келетіндерге еш қатысы жоқтығын түсіндірдім.

https://t.me/peruash/5700

Күннің екінші жартысында Жаңаөзен қаласының қоғам белсенділері және кәсіпкерлерімен тілдестік.
Мұнда Мәжілістегі пропорционалды және мажоритарлы орындарды президент айтқан 70/30 пайыздан – 50/50-ге дейін қайта қарау туралы ұсыныстары айтылды. Сонымен бірге, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін кейінге шегеру ұсынысы айтылды, олардың пікірінше бұл қазақ қоғамын қақ бөледі, ал, қазір мемлекетке елді біріктіретін өзгерістер қажет.

Жаңаөзенде жақында орын алған тасқыннан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету; зейнеткерлер тарапынан сайланатын депутаттарға квота еңгізу («оларды ешкім қорғамайды»), қылмыстық жауапкершілікті айыппұлдармен алмастыру («бұл жалтару мүмкіндігі»), мұнай компаниялары тендерлерді Жаңаөзен мердігерлеріне беру, үш не одан көп бала туған аналарға арнайы жәрдемақы енгізу; мал шаруашылығын несиелендіру үшін кепілдікті алып тастау, ұлттық спорт түрлерін, ең алдымен бәйгені, қаржыландыруды жан басына шақтау; секциялар мен үйірмелерді жан басына қаржыландыруды алып тастау («көзбояушылық ғана, 12 м бөлмеде би үйірмесін рәсімдеп, ондаған, тіпті жүздеген бала қатысып жатыр деп қаржы бөледі»); «Мұнайшы» футзал клубын қаржыландыруды қалпына келтіру, көпқабатты үйлерді мектеппен бірге салу, мектептердегі тазалықшы мен техқызметкерлердің еңбекақысын көтеру және т.б. мәселелер көтерілді. Конституцияға қатысты өзгеше ұсыныс – «азаматтардың тең құқылығын» бұзу ретінде, Президент туыстарына мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды басқаруға шектеуді алып тастау.

Мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын Мәжілістегі орындардың ұлғаюына қатысты басқаша ойлайтыным туралы айттым. Бұрынғы тәжірибеміз де, көршілеріміздің тәжірибесі де, Еуропарламенттің Венеция комиссиясының ресми қорытындысы да оппозицияның парламентте барынша кең өкілдік етуіне кепілдік беретін пропорционалды жүйе екенін көрсетеді.
Еуропарламент Венеция комиссиясының «Демократиялық парламенттердегі оппозицияның рөлі туралы» баяндамасы (https://akzhol.kz/ru/doklad-o-roli-oppozicii-v-demokraticheskom-parlamente/).
Б.29: «Еуропада үстемдік ететін пропорционалды өкілдік жүйесінде оппозиция мажоритарлық жүйеге қарағанда парламенттерде әлдеқайда жақсы өкілдік етеді… Пропорционалды өкілді сонымен қатар айтарлықтай көлемдегі және ықпалды саяси партиялардың өсуін ынталандырады».

Ал мажоритарлық жүйе, керісінше, билеуші партияға көпшілік орын алу үшін қолданылады.
Бұған жақсы мысал ретінде өткен жылғы Ресей Федерациясындағы сайлауды келтіруге болады, онда биліктегі партия (Единая Россия) партиялық тізім бойынша 49%, ал бір мандатты тізімдер бойынша 92% орын алды және осылайша 2/3 дауысқа ие болды.
Біздің жағдайда да билік өкілдері көп жағдайда бір мандатты округтер арқылы өтеді. Алдағы сайлау мұны айқын көрсетеді.
Соған қарамастан, мен мемлекет басшысының бағдарын қолдау қажет деп санаймын, өйткені:
а) әр мәселе бойынша әрқайсымыздың өз пікіріміз бар, ал, бітпейтін даулар реформаны созып жіберуі мүмкін, бізге керісінше, тез арада сөзден нақты өзгерістерге көшу керек;
б) Президент ұлттың болашақ тағдыры үшін жауапты және қоғам бұдан кейінгі реформаларға алғашқы қадам ретінде оның бастамаларын қолдауы қажет. Алдағы уақытта, керек екеніне халықтың көз жетсе, кей мәселелерді қайта қарауға болар. Көш жүре түзеледі.
Зейнеткерлерге арналған квотаға қатысты, жалпы квотаны демократияны шектеуі деп санайтынымды айттым. «Ақ жол» партиясында ешқандай квотасыз да депутат әйелдер саны тіпті 30 емес, 40 пайызды құраған.
Сол сияқты еш квотасыз да «Ақ жол» ҚДП-дан депутаттыққа сайлаған ардагерлер бар, мысалы, Алматыда Қарулы күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы, 1-дәрежелі капитан Көпесбай Жәмепісов.
«Мұнайшы» футзал клубына қатысты «Қазмұнайгазға», ұлттық ат спорты секцияларын қаржыландыру үшін Мәдениет және спорт министрлігіне сауал дайындаймыз. Мал шаруашылығына қатысты өткен жылдардағы субсидияға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігімен болған дауларды мысал еттім («Ақ жол» фракциясы Ауыл шаруашылығы министрлігін субсидия бойынша берешегі үшін сотқа беретінін мәлімдеген кезде). Осы салаға көмектесуді жалғастыруға ниетімізді білдірдім.

https://t.me/peruash/5701

Тендерлерде жергілікті кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға келсек, бүгінде оларға тендердің нәтижесіне әсер ететін қосымша ұпайлар беріліп жатыр. Қажет болса, осы ұпайларды ұлғайту мәселесін көтеруге болады, оны қосымша талқылау қажет. Бірақ бұл норма Жаңаөзендегі кәсіпкерлер үшін ғана емес, бүкіл экономика үшін жұмыс істейтін болады және т.б.

Нақты қалмыстық мерзімді айыппұлмен ауыстырудан бас тартуға қатысты, «Ақ жол» партиясы жалпы экономикалық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті жоюды талап ететінін жеткіздім. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін айыппұлдарды ауыстыруға тыйым салу маңызды деп санаймыз; оның үстіне жемқор шенеуніктердің «түрмеде» болғаннан кейін де елден шығуына тыйым салуды ұсынып отырмыз. Жемқор шенеуніктер көбіне шетелге ақша шығаратындықтан, оларды жасырын ақшаны пайдалану мүмкіндігінен айыру керек. Қазақстан Республикасында тұрып, ұрланған ақшаны өз еліне қайтарсын.
Бірақ экономикалық құқық бұзушылықтар үшін кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігін сақтау құқық қорғау органдарындағы жемқорларға кәсіпкерлерді бопсалауға және олардың бизнесін рейдерлік жолмен тартып алуға мүмкіндік береді. Реакцияға қарағанда, жиналғандар бұл мәселе бойынша біздің ұстанымымызды түсінді және қабылдады.

Президенттің туыстарына мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды басқаруға тыйым салуға келетін болсақ, бұл норма дұрыс деп ойлаймын. Мұндай норманың жоқтығы өткен жылдардағы әділетсіздіктің, сыбайлас жемқорлықтың, қандастықтың себептерінің біріне айналды. Зал бұл пікірді қолдады.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жөнінде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов бұл мәселе әкімдіктің бақылауында екенін, қажет болған жағдайда үкіметпен өзара әрекеттесетінін айтты.

Кездесу соңында бір топ жас кәсіпкерлерге «Ақ жол» ҚДП-ның мүшелік билеттерін табыс еттім.
Кешке Оралға ұшым кеттім.