17
Қараша

«Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» атты байқау жарияланды - Казак унi

Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы қолдауымен «Ақжол»ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының негізгі бағыттарының бірі - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мурасын насихаттау мақсатында «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» облыстық байқауын ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты:
• Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,
• Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау;
• Алаш мұрасын оқуға қызығушылықтарын ояту,
• Қазақстандық рухани бірлікті қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
—  кез келген Алаш қайраткерлерінің прозалық не драмалық шығармаларынан үзінді оқу;
— мәнерлеп өлең оқу. Байқау шарттары:
— шығарманы оқу уақыты 4-5 минуттан аспауы керек;
—  дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
— талапкерлер мәтінді жатқа білулері қажет.
Байқауға 16 -25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
Кәсіби өнер саласының мамандары, сондай-ақ мектеп, жоғары оқу орындарының мұғалімдері байқауға жіберілмейді.
Байқау сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
• көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
• дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
• көркем мәтінді таңдау талғамына;
• сахнада өзін-өзі ұстауына;
• сахналық киім сәніне баса назар аударады.
Байқау жеңімпаздары Басқарманың және «Ақ жол-жастар» жастар қанаты атынан қазылар алқасының шешіміне сәйкес, дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қатысушылардың сұраныстары ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасына жолдануы тиіс.
Анықтама:
Актау қаласы, 29а- ш/а «Нұрплаза» б/о, 14- кабинет,
Байланыс телефондары:
Тел/факс: 33-73-55
Электрондық адрес:
akzholmangvstau@mail.ru
Жауапты: Исаева Әлия Жангелдинқызы
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 45 (699), 10.11.2015