05
Шілде

Қазыбек Иса мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен кездесті

5 шілде 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазыбек Жарылқасынұлы Шымкент қаласындағы «Достық Үйі» ғимаратының   конференц-залында   Шымкент және Түркістан облысындағы   ұлт зиялыларымен, әдебиет-мәдениет, өңер қайраткерлерімен «Ұлттық идеология» тақырыбында кездесу өткізді. Басқосуда Қазыбек Иса «Ақ жол» демократиялық  партиясының Парламент Мәжілісі мінберінде көтеріп жүрген мәселелерге, депутаттық сауалдарға, жүзеге асқан жобаларға және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, іс-сапарын қасиетті Ұлытау облысынан бастағаның, Жошы ханның тарихтегі рөлін, Оңтүстік өңірінің тарихи-мәдени мұрасын тілге тиек етті.   Зиялы қауым өкілдері «Ақ жол» партиясына  ризашылықтарын білдіріп, қолдайтындығын  жеткізді. Бұдан басқа  жиналғандар  бір  қатар  мәселелерді  көтерді.  Жазушы, Қазақстан педагогика  академиясының  профессоры  Момбек Әбдәкімұлы  Қазыбек Исаға "Жазушылардың аллеясы"  жоқ,  кәсіби мерекелері аталып  өтпеуіне  назар  аударуды сұрады.  Ал  ҚР еңбегі сіңірген әртіс  Өтемісұлы  Сапарбай  елімізде театрларды дамыту және әртістердің жалақыларын көтеру  қажетілігін жеткізді. Сондай-ақ, жиналғандар «Мәдениет  институты» жабылғандығы туралы сөз  қозғап, оны  қалпына келтіру  қажет,  мәдениет саласында кәсіби мамандардың жетіспеуі  туралы мәселені  көтерді.  Жазушы Захардин Қыстаубай ұлттық  идеология  тақырыбы  бойынша сараптама жасап жатқандығын тілге тиек етіп,  Мәжіліс депутатына өз ойын   жазбаша  түрде  жеткізетін болды.  Тіл жанашыры  Қабыл Дүйсенбі соттарда   судьяларды мемлекеттік  тілді  білуін міндеттеу  қажеттігі туралы  мәселені көтерсе,  Қоғамдық  кеңес  мүшесі – педагог Өмір Шыныбекұлы   мектептерде  "Қазақстан тарихы"  пәні  оқулықтарын басынан әдемелеп шығару керектігі  туралы өз ойын жеткізді.  Қазыбек Иса  басқосуда  айтылған мәселелерді  тыңдап, зиялы қауым өкілдерін  ұсыныс-пікірлерін жазып алды   және   оларды  Парламентегі  мәжіліс отырыстарында  талқылайтындығын  жеткізді. 

Жиын соңында   Қазыбек Иса  «Ақ жол» демократиялық партиясының  Президиумы және ҚР  Ұлттық индустриялды  палатасының Басқармасы  атынан Оңтүстік өңірінің құрметті журналисі Ерсұлтан Әмірбекті ұзақ жылғы  қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының  қалыптасуына  қосқан жеке  үлесі үшін  «Еңбегім еліме»  құрмет белгісімен  марапаттады.