5 шілде 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаты, Парламенттегі «Әлеуметтік-мәдени даму» Комитетінің мүшесі, «Ақ жол»
ҚДП төрағасының орынбасары,
мәдениет қайраткері, тіл күрескері, ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол іс-сапар аясында бір қатар мекемелерді
аралап, халықпен кездесті. Алдымен
Қазыбек Жарылқасынұлы «Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер
басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар
жүйесі» КММ кітапхана қызметкерлерімен
кездесті. Ол кітапхананы
аралап, рухани құндылыққа құрмет көрсетті. Кітапхана әкімшілігі «Ұлт жанының жанашыры»
тақырыбында Қазыбек Жарылқасынұлының туындыларынан кітап көрмесін ұйымдастырды.
Өз кезегінде Қ.Иса кітапхана
қорына «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат
Перуашевтың шығарған «Полемическая экономика» 4-томдық жиынтығын және «ХХІ
ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
кітаптарын сыйға тартты. Кездесуге
«Шымкент қаласының мәдениет,
тілдерді дамыту және архивтер»
басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қатысты.
Басқосуда
Қазыбек Жарылқасынұлы Ұлытау
облысынан басталған жұмыс сапары мен Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның
тарихтағы рөлін айтып өттіп, оңтүстік өнірі мен Шымкент қаласының бай рухани
және тарихи-мәдени мұрасын,
салт-дастүрлерін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, биылғы жылы «Ақ жол» демократиялық партиясының
депутаттарымен 72 сауал жолданғаның, соның ішінде
ұлттық мүдде және мемлекеттік тілді қорғау туралы,
офшордағы қаржыларды елге қайтару туралы Парламент төрінде көтерген мәселелеріне кеңінен
тоқталып өтті. Кездесу еркін форматта өтті. Кітапханашылар өз тарапынан
сөз сөйлеп, халық қалаулысы
Қазыбек Исаны қолдап, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ,
кітапхана қызметкерлері мәжілісменге
ойларында жүрген сұрақтарын
қойып, тиісті жауаптарын алды, соның ішінде
кітапханашылардың жалақылары көтерілсе ғой, еңбек демалыстары 30 күннен 45 күнге дейін ұзартылса деген тілектерін жеткізді. Мәжіліс депутаты бұл
мәселелер бойынша жазбаша түрде өтініш жазу керектігін түсіндіріп, өз тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға Депутаттық сауал жолдайтығын айтты.
Кездесу барысында ақиық ақын Қазыбек Иса кітапханашылардың бой тұмарына айналған, кітапханашыларға арнап жазған «Кітапханада»
өлеңін оқып берді. Сонымен қатар, жиында кітапхана қызметкерлері «Ақ жол»
демократиялық партиясына кіруге ниет білдіріп, партия қатарына қабылданып, партиялық билеттер табысталды.
Жиын соңында кітпахана директоры
Нурила Жұманова кеш қонағы Қазыбек Исаға жарыққа шыққан «Абай» кітабын сыйға тартып,
алғыс білдірді.