9 қаңтар 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында алдымен Қ.А.Ясауи университетінің белгілі ұстазы, профессор Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев туралы естеліктермен бөлісті.
Бұдан бөлек, депутат мәжіліс мінберінде көтерген бірқатар мәселелерге тоқталды. Оның ішінде желтоқсан айында қабылданған Түркістан облысына ерекше мәртебе беру жиынында түйінді сөз сөйлеуге тура келгендігін атап өтті.
«Ерекше мәртебе беру туралы заң қабылданды. Оның дайындық жұмыстарына облыстағы бірқатар зиялылар атсалысты. Қаншама талқылау мен ұсыныстар айтылды. Парламентте қолдау тапқанына қуаныштымыз. Бұған сіздің де еңбегіңіз сіңді. Оны атап өтпеске болмас. Депутаттық корпусқа ризамыз. Бірқатары белсенділік көрсетті. Түркістан тарихының жаңаша түлеуге жол ашылғанына шынында разымыз» - деді тарихшы Хазретәлі Тұрсын.
Бұдан бөлек жиынға қатысушылар, штрафты азайтуды сұрады. Қала көшелерінің біріне қойылған павлиннің мүсінін «Құлагерге» ауыстыруды да тілге тиек етті.
«Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Тельман Бейсеннің айтуынша, тарихи орындар «Қызқорған», «Балақорған» қамалдарын мемлекеттік қорғауға алуды ұсынды. Аталған орындарға баратын жолдың тозығы жеткен, қасиетті орында жатын орындарды көбейтіп, халықтың зиярат етуіне жағдай жасауды жеткізді.
Жиын соңында сөз алған Қазыбек Иса: кешегі біздің қабылдаған заңымыз, осындай құндылықтарға қызмет ету керек. Қасиетті жерлердің маңызын сақтауымыз керек,-деп қорытындылады өз ойын.
Басқосу соңы марапатқа ұласты. Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Айбек
Мықтыбайұлына партия атынан «Үздік депутат» төсбелгісі табысталды.
Содан кейін Қазыбек Иса Сауран ауданына
барды.
Аудандағы жекеменшік «Иқан» мектеп-гимназиясының жұмысымен танысты.
Жаңа оқу жылы басталғанда (2024 жылдың қыркүйегінде)
білім беретін мектеп қолданысқа берілген. Нысан 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік
әріптестік негізде ашылған еді. 1,5 гектар жерде орналасқан ғимаратта 5 ойын
залы, 1 шахмат класы бар. Аптасына 6 күн жұмыс істейді, 30-ға жуық мұғалім
балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, спортқа да баулиды. Ғимарат 380
балаға лайықталған. Қыркүйек айынан бастап, 230 – ға жуық баланы қабылдап,
білім беруде. Айта кетейік, оқушылар футбол, волейбол, шахмат, теннис, дзюдо,
еркін және грек рим күресімен шұғылданады.
Кәсіпкер Мамирхан Юлдашов спорт мектебін
тұрғызуға 416 млн теңгеге жұмсаған. Қазіргі таңда құрылтайшы, инвестор өзі
салған мектепті өзі басқарып отыр. Мұндағы шәкірттер республикалық деңгейдегі
жарыстардың жеңімпаздары және Әлем чемпионатында топ жарып жүр. Балалар үшін спорт мектебінде білім алу
тегін. Ауыл тұрғындары үшін кешкі уақытта жаттығу жасау ақылы.
Бұдан кейін депутаттар IKAN SCHOOL
мектебіне барды. Білім ошағы 600 орынға лайықталған. Қазіргі таңда 300-ге жуық бала білім алып
жатыр.
16 қыркүйекте өз жұмысын бастаған
мектептің 30-ға жуық оқушысы қалалық, облыстық олимпиада да жеңімпаз болып
үлгерген. Құрылтайшысы - Ирисбаев
Дилмухаммед. Өз қаражатына салған
мектепке 2 млрд. қаражат жұмсаған.
Екі мектепте де әрбір сыныпта мультимедиялық тақта бар, жоғары сынып оқулары планшетпен қамтылған.
Басқосу соңында балаларға бата беріп,
бітіруші түлектерге “Ақ жол” тіледі.