8 шілде 2024 жыл, Жетісу облыстық филиалы
Қазыбек Иса Жетісу облысына іс сапар соңында, Қырыққұдық ауылына барып,
жүргізіліп жатқан су құбырлары жұмысымен танысты. Мердігерлермен кездесіп,
сұрақ-жауап алды.
Қырыққұдық ауылы туралы мәлімет:
1961 жылы Жүзім Савхозы болып құрылып, 1997 жылы Савхоз тарқатылған. 1992
жылы Жүзім Савхозы Жаркент ауылдық кеңесі болып өзгертілген, 2008 жылы Жаркент
ауылының атауы Қырыққұдық ауылы болып өзгертілді.
1970 жылы ауыз су мен газ тартылып қолданысқа берілген. 1997 жылы Жүзім
Савхозы тарқатылғаннан кейін, қолданысқа берілген газ тоқтатылған. Осы уақытқа
дейін күніне 12 сағат қана ауыз су беріледі.
Тұрақты тұратын халық саны – 1712 адам.
Қырыққұдық ауылында аула саны - 422.
Жаркент орта мектебінде - 415 оқушы білім алуда.
115 жеке шаруа қожалық Алма бақпен, жүгері, жоңышқа өсіруімен айналысады.
Жалпы егін көлемін – 867
гектарды құрайды.