08
Шілде

Қазыбек Иса Жетісу облысына жұмыс сапармен келді

8 шілде 2024 жыл, Жетісу облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Жетісу облысы, Панфилов ауданына іс сапармен келді.

Іс сапар кезінде Қазыбек Исамен бірге Жетісу облыстық филиалдың төрағасы Ермек Егінбаев, Алматы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Абзалбек Сағымбекұлы, Панфилов ауданы бойынша «Ақ жол» партиясының өкілі Арзыгуль Турдиева бірге аралады.

Өңірлерді аралау кезінде, бірінші Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Желтоқсаншылардың аудандық филиалының мүшелері мен және аудан белсенділерімен, журналистерімен жолықты. Кездесуде партияның атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап өтті. Кездесу, артынан сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Кездесу соңында Қазыбек Иса желтоқсаншылардың Панфилов аудандық филиалының төрағасы «Qazaq Republic 100» медалін табыстады.