02
Шілде

Қазыбек Иса жұмыс сапарымен Ұлытау облысына келді

2 шілде 2024 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

 

Қазақстанның Демократиялық «Ақ Жол» партиясының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Алты Алашқа әйгілі ақын, қаламгер ағамыз, мәдениет пен өнер жанашыры Иса Қазыбек Жарылқасынұлы бүгінде бірнеше кездесулерге қатысып, Ұлытаулықтардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мәжіліс депутаты Қазбек Иса сонау Алтын Орда ұлысынан бүгінгі күнге дейінгі мәдениетізбен салт-дәстүрімізді тілге тиек етіп, Президентіміздің тың бастамаларының аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Кездесуге Ұлытау облыстық «Ақ Жол» партиясы филиалының белсенділері, партия мүшелері және Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары, Ұлытау облысының зиялы қауым өкілдері, мәдениет, білім, өнер, басқа да сала ардагерлері, қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, Ұлытау облыстық «Ұлар» әдеби-клубының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, жас қаламгерлер, жас ақындар. Кездесуге қатысушылар өте жақсы әсер алып, көңілдерінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап алғандарына ризашылықтарын айтты. Кездесу соңында құрметті қонағымызға елдің ақ жаулықты аналары баталарын берді.