09
Қантар

Қазыбек Иса Қызылорда облысында жұмыс сапарын бастады

9 қаңтар 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

ҚР Парламентінің депутаты Қазыбек Иса Қызылорда облысында жұмыс сапарын бастады.

Түркістан облысындағы жұмыс сапарын аяқтаған бойда Қызылордалық Ақжолдықтармен бірге Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Самитов Мажит Самитұлымен кездесті. Кездесуге  сондай-ақ Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы Ғ.Жарқынбек  қатысты.

Одан соң Жаңақорған ауданында Алаш ардақтысы Сұлтанбек Қожанов атындағы көше бойынан ресми түрде «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының Жаңақорған аудандық өкілдігінің ашылу салтанатын өткізді. Өкілдіктің төрағасы болып партияның Жаңақорған аудандық мәслихатындағы депутаты, ауданға белгілі кәсіпкер Құтыбаев Мейіржан Рахымұлы сайланды. 

 Сонымен қатар, ашылу салтанатында Қазыбек Иса партия қатарына кірушілерге партия билетін табыстап, естелік суреттерге түсті.

Өкілдіктің ашылу салтанатында Қазыбек Исамен бірге  Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Б.Сандыбаев, Қызылорда облыстық мәслихатындағы "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Боранбаев және облыстық мәслихат депутаты Н.Сопбеков және филиал қызметкерлері болды.