03
Қазан

Қазыбек Иса Қызылордада Ибрагим Исаевты еске алу шарасына қатысты

3 қазан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, белгілі ақын, ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы Иса және "Ақ жол" партиясы  Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Сандыбаев, "Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаты Нұрымжан Сопбеков пен  облыстық филиал заңгері Нұрлыбек Амангелдиев

Қызылорда қаласына қарасты Ж.Махамбетов ауылындағы орталық мәдениет үйіне Қазақтың белгілі ақыны Ибрагим Исаевтың аты берілуіне байланысты өткізілген салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шара алдымен ауылдың орталық мешітінде ақын Ибрагим Исаевтың рухына арнап ас беруден басталды. Одан соң ақынды еске алуға арналған жиын өтті.

Ақын Қазыбек Иса  салтанатты шараға жиналған халық алдында "Ақ жол" партиясының  төрағасы  Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтің Алғыс хатын оқып берді. Сондай-ақ, үзеңгілес досы туралы  естеліктер айтып, өлең жолдарын арнады.

Шара соңында эстрада жұлдыздарының орындауында Ибрагим Исаевтың өлеңіне жазылған әндер шырқалды.