11 ақпан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбековтің
қатысуымен Ақжар елді мекенінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Бұл жиынға
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Қуашбаев Дулат
Саттарұлы,Шымкент қаласы мәслихатының құрылыс және инфрақұрылымды дамыту
жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Тұран
ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы және бірқатар басқарма өкілдері қатысты.
Жиын барысында 2024 жылы жүзеге асырылған
жұмыстар жөніндегі мәслихаттың есебі тыңдалып, тұрғындар тарапынан қойылған
өзекті сауалдарға тиісті жауаптар берілді.
Өз кезегінде аудан әкімі Берік Айдарұлы
өңірдің даму динамикасына тоқталып, қол жеткізілген нәтижелер мен 2025 жылға
арналған жұмыс жоспары туралы мәлімет берді.
Ол өз сөзінде:
«2024 жылы атқарылған жұмыс нәтижесін
өздеріңіз көріп отырсыздар. Биылғы жоспарларымыз да аз емес. 2025 жылы 59
көшеге, 42,8 шақырым асфальт төселіп, 39 көшеге аяқжол салынады, 49 көшеге
шағал тас төселеді. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100 %-ға
жеткіземіз», - деді.
Баяндамадан кейін тұрғындар көкейдегі
сұрақтарын қойып, барлық сауалдарына толыққанды жауап алды.