«Ақ жол» демпартиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы төрағасы
Шыңғыс Риахановтың басқа өңірге жоғары мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты
филиал конференциясында жаңа басшы сайланды. «ВостокПром» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің бас директоры Қажымхан Қайырденов жаңа төраға болды.
Қажымхан Әлімханұлы білімі бойынша тау-кен инженері, МВА дәрежесі бар, «Ақ
жол» демпартиясынан Риддер қалалық мәслихатының депутаты, өткен шақырылымда
Шығыс Қазақстан облысы Глубовский ауданы мәслихатының депутаты болып сайланған.