29 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Риддер қалалық мәслихатының депутаты Қажұмхан Қайырденов кезекті отызыншы
сессияға қатысып, қала үшін өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
Сессия барысында депутаттардың назарына әкімнің атқарған жұмысы туралы
есебі ұсынылды. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды,
тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің жұмысы талқыланды. Қала тұрғындары үшін
тұрмыстық қалдықтарды жинау мен көмуге қатысты тариф мәселесі де көтерілді.
Бұған қоса, бюджет пен экономикалық даму бойынша тұрақты комиссияның есебі
тыңдалды.
Талқылау кезінде Қажұмхан Қайырденов қоқыс шығару тарифін көтеруге қарсы
шықты. Оның айтуынша, қазіргі Риддердегі тарифтер Қазақстан бойынша ең
жоғарылардың қатарында және Өскемендегі бағадан екі есе қымбат. Депутат алдымен
тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоқыс шығару жөнінде келісімшарттар
жасау мәселесін шешу қажет екенін атап өтті.
«Бұл проблема жауапкершілікпен қарайтын тұрғындардың қалтасынан емес,
жүйелі жұмыс арқылы шешілуі тиіс», – деді ол.
