14
Маусым

Қажұмхан Қайырденов Риддер қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына қатысты

14 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының төрағасы, Риддер қалалық мәслихатының депутаты Қажұмхан Қайырденов Риддер қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына қатысты. Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:

- Риддер қаласындағы жылдам тамақтану нүктелерінің (киоск, ларек, палатка, фургон) орнатылуы мен жұмыс істеу тәртібі.

СЭС басшысы баяндама жасап, заңсыз орнатылған сауда нүктелерінің алдын алу шаралары талқыланды.

- Қала ішіндегі жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуы.

Мәселелердің қатарында — тасымалдаушы компания "ТК KazAvtoLine" тарапынан шарттардың тұрақсыз орындалуы және кейбір жүргізушілердің дөрекі әрекеттері болды. Жиын барысында компания басшылығына осындай жағдайларға дереу жауап қату міндеттелді.

«Ақ жол» партиясы қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық тәртіптің заң аясында дамуына ерекше назар аударады.