26
Желтоқсан

«Ақжол» КДП бас прокуратураға су қоймаларының қолжетімділігін тексеруді ұсынды - Казак yнi (Алматы)

«Ақ жол» Бас прокуратураға тұрғындардың су қоймаларын еркін пайдалануына қол жеткізудің барысына тексеру жүргізу ұсынысын жолдады. Мәжілісмен Талғат Ерғалиев Мәжілістің пленарлық отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына депутаттық сауалын жариялады.
«2014 жылдың 2 қыркүйегінде Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындар жиі ұшырасатын, біздің күнделікті проблемаларымыз туралы ұмытпауымызды ерекше атап өтті деп айтылады сауалда. — Су қоймаларын, олардың жағажайлық телімдерін жекеменшікке беру ауыл тұрғындарын барлық жерде ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін су қоймаларына еркін қол жеткізе алмауына алып келді. Жекеменшік су қоймаларының айналасына әртүрлі қоршаулар салынған, бөгет-бағандар орнатылған, күзет қойған және басқа да тыйымдар салынған. Ал біздің еліміздің ауыл тұрғындарының басым бөлігі көбінесе мал өсіру, қосалқы шаруашылық жүргізу есебінен өмір сүреді және соңғы кездері су қоймаларына қолжетімділік болмағаннан кейін су тапшылығы проблемасына тап болуда Сайт интим каталог проститутки Челябинск Сохрани, чтобы не потерять».
Ерғалиев ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағы туралы еске сала келе, заңда жер және оның қойнауы, сулары, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігі болып есептелетінін айтты. Жер сондай-ақ заңмен бекітілгендей белгілі шектеу негіздемелер, шарттармен жекеменшікте бола алады.
ҚР-ның Жер кодексіне сәйкес, жердің және су қоймаларының жеке иелері жалпы қолданыстағы нысандарға суды тартуға және суаттарға жер учаскесі арқылы еркін өтуіне кедергі келтірмеуі, жер телімі арқылы мал өткізуге бөгет болмауы керек.
«Бұдан басқа, жекеменшік су қоймаларының иелері іс жүзінде балық өсірумен айналыспайды, жағажайлардың тұрақты санитарлық тазартуын жүргізбейді, ал мұндай шараларды өткізу өте қажет» - деп қосты депутат.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, «Ақжол» КДП депутаттық фракциясы Бас прокуратураға көтерілген мәселелер бойынша тексеру жүргізу ұсынысы жолдап отыр. Қазіргі уақытта су қоймаларын белсенді қолдану маусымы аяқталып қалғандықтан, депутаттар келесі маусым басталғанша су қоймаларының ревизиясын өткізуді, ал заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық шаралар қолдануды талап етті.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша және сайлаушылардың аманаттарын орындау жұмысын жалғастырады.

Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 51 (659), 19.12.2014