8 ақпан 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау
облыстық филиалының баспасөз қызметі
“Ақжолдың” Бейнеу аудандық мәслихат депутаты Райымбек Түзелов берекелі Бейнеудің шығысында орналасқан Сам ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудандық маслихат депутаттары Айбек Қаныбекұлы, Ерлан Әділхантар
да қатысты. Кездесуге келген сайлаушылар көптеген өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындар депутаттардан балалардың қауіпсіздігі үшін авариялық жағдайда
тұрған мектеп интернаты ғимаратын жөндеуге ықпал етулерін сұрады. Сондай-ақ
медицина, мал шаруашылығы, оқу грантары, трасса, темір жол торабына қатысты
проблемаларды да ортаға салды.
Депутаттар тұрғындардың барлық талап тілектері мен өтініштерін қағазға
түртіп, аталған мәселелердің шешімін табуға жұмыстанатындарын жеткізді.