01
Маусым

«Ақжолдық» депутат Ғани Хамзин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

1 маусым, 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облысындағы филиалы

Мәжілісмен  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұжымымен   кездесті. Кездесуде депутат Конституцияның өзгерістер енгізілетін әрбір бабына егжей-тегжейлі тоқталды. Қатысушылар енгізілетін түзетулер ел дамуына, демократиялық қоғам ретіндегі кезең-кезеңмен қозғалысына ықпал ететініне сенім білдірді.

Одане әрі депутат  Ғани Хамзин  «Малишер ЗС» ЖШС ұжымымен кездесті. Жеке шаруашылық серіктестігі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ірі көмір жеткізуші. 


Компания тобының негізгі қызметі: көмір өндіру және сату, жылу энергиясын өндіру және сату болып табылады. Шара барысында Ғани Хамзин тұжырымдамалық өзгеріс пен конституциялық реформаның ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.

Атап айтқанда, суперпрезиденттіктен президенттік республикаға көшу моделі егжей-тегжейлі талқыланып, конституцияға халықтың елді басқаруға қатысуын арттыруға қатысты енгізілген өзгерістерге тоқталды. Бұдан былай жер, оның қойнауы және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. «Бұдан басқа, азаматтардың бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады. Мәжіліс пен облыстық мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланатын болады» - деді депутат.

Ғани Хамзин сонымен қатар, «К.Г.С.САУДА» ЖШС құрылысшыларымен  кездесіп, референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.


Өз сөзінде депутат Президент ұсынған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу жоспарланғанын атап өтті. Жоспарланған реформалардың ашықтығына, олардың жан-жақты сипатына байланысты президент оларды бүкілхалықтық дауыс беруге шығару қажет деп санайды.

Енгізілген түзету елдің бүкіл саясат жүйесінің «қайта жүктелгенін»  айғақтайды. Біріншіден, Конституцияға енгізілетін өзгерістер елде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететіндігін жеткізді.

Сондай-ақ депутат Көкшетау қаласының «Отбасы банк» ұжымымен кездесіп,  алдағы өтетін референдум жөнінде толыққанды ақпарат берді. Кездесу қатысушылары депутаттан Конституциялық Сот пен кеңестің айырмашылығын сұрады. 


Қорытындылай келе, шара қатысушылары Конституцияға енгізілген нормалармен келісетіндерін растап және референдумға қатысатындарын айтты.