13
Ақпан

Ақжолдық депутат көтерген мәселеде нәтиже бар

13 ақпан 2025 жыл Жамбыл облыстық филиалы

Тараз қалалық мәслихатының «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаты Руслан Мырқалықов шаһар аумағында орналасқан заңсыз сауда орындарының жұмысын зерделеу туралы бірнеше рет мәселе көтеріп, қала әкіміне, тиісті мекемелерге жолдаған депутаттық сауал жолдаған. Мәслихат сессияларында да бұл тақырыпты қозғап, бақылауға алған болатын.

Ақжолдық депутат көтерген мәселе бойынша кеше Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарынан арнайы жұмыс тобы құрылып, «Ұлы Дала» шағын ауданына зерделеу жұмыстарын бастады.

Жұмыс тобы қала әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы №64-өкіміне сәйкес құрылды. Зерделеу барысында заңсыз орналасқан бірнеше сауда дүңгіршектері анықталып, нысан иелеріне алып тастау туралы ескерту берілді және жергілікті полиция қызметкерлерімен ескерту хаттамалары толтырылды.

Жұмыс тобы мүшелерінің тарапынан заңсыз дүңгіршек иелеріне 5 күн ішінде өз еркімен алып тастау хабарламалар таратылды. Хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда жергілікті полиция қызметкерлері айыппұл хаттамаларын толтыратын болады. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан заңсыз дүңгіршектерді алып тастау жұмыстары жүргізіледі.