26
Шілде

Ақжолдық депутаттар Шардаралық кәсіпкерлерімен кездесті

“Ақ жол” партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев бастаған топ, облыстық мәслихат депутаты Ержан Үсентаев, Сауран аудандық мәслихат депутаты Махсуд Хаджиев, Шардара аудандық мәслихат депутаты Бекарыс Базаров және VII шақырылым депутаттары Жанар Салихбаева, Пернеқыз Смаелова  Шардара ауданындағы “Қазақ крахмал” кәсіпорнына барды.

37 млрд.-тық жоба жүгеріден 27 түрлі өнім алады. Қазір өндіріс орнының жүгері дәнін кептіру бөлігі ғана іске қосылған. Жалпы кәсіпорын 2025 жылдың қыркүйек айында толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.

Әзірге 35 гектар индустриалды аймақтың кәсіпорын 14 гектар аумағын алып жатыр.  Келешекте зауыт маңынан жатақхана, оқу орны, әкімшілік ғимарат салынбақ.

Болашақта 300 мың тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар 500 адамды жұмыспен қамтымақ.

Бұдан бөлек, кәсіпорын әкімшілігі жүгері егетін шаруаларға субсидия алуға, зауыттың арнайы техникаларын пайдалануға мүмкіндік жасамақ.

Кәсіпорын жетекшілері “Ақ жол” партиясының депутаттарынан шаруаларға жүгерінің “пионер” сортын егуге шақырып, насихаттау жұмыстарына атсалысуға шақырды.