08
Ақпан

«Ақжолдық» депутаттар жаңаөзендік тыл ардагеріне көмек берді

8 ақпан 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі 

Жаңаөзендік тыл ардагері Ақсулу Бегешованың келіні Алмагүл Жаңбырова ардагер әженің жаңа салынған баспанасына жылу қазандығы мен жылу жүйесін жүргізуді және оның жобалау құжаттарын рәсімдеп, шығындарын төлеуге көмек сұраған өтініші бойынша "Ақ жол" демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Батыржан Қорғанбаев, “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Белшер, “Ақ жол” партиясының Жаңаөзен қаласының өкілі Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Жалғас Агисовтар көмек берді.


Депутаттар тыл ардагерінің шаңырағына барып, қал-жағдайын сұрап, көмек беруге ниетті екендіктерін айтты.

Мұнан соң депутаттар тұрғын үйге жылу жүйесін жүргізуге жауапты мекемелердің қызметкерлерімен уағдаласып, газ желісін қосу үшін жобалау құжаттарының қаржысын төледі. Газ құбыры тартылып, жылу қазандығы іске қосылды.


Газ келді деп қуанған тыл ардагері Ақсұлу Бегешова және оның отбасы көмек көрсеткен "Ақ жол" партиясының азаматтарына ризашылығын білдірді.