17
Мамыр

«Ақжолдың» Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаева білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу тобының мүшесі болды

17 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпарииясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Кеше Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали және Ақтау қаласы бойынша құрылған екі сараптамалық топтың құрамы қатысты.

Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобының жұмыс жоспары пысықталды.